- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан әскерилері Жеңістің 70 жылдығына арналған парадқа дайындалуда
Қазақстан әскерилері Жеңістің 70 жылдығына арналған парадқа дайындалуда
«Әскери оркестрлердің қызметі түрлі салтанатты шараларды сүйемелдеу (қорғаныс ведомствосы басшыларының ресми кездесулері, әскерлер парады, спорттық-бұқаралық және қайырымдылық шаралар), беделді республикалық және халықаралық фестивалдар, жарыстар мен байқауларға қатысудан тұрады» дейді. Әскери оркестрлердің репертуарын әскери-оркестрлік қызмет бастығы мен оркестрлердің жетекшілері мұқият құрастырып, нақты шараларға лайықтап сұрыптайды. Көрермен назарына ұсынылатын шығармалардың орындау сапасын музыканттар тұрақты түрде өтіп тұратын дайындықтарда пысықтайды», - дейді ҚР ҚК Әскери-оркестрлік қызметінің бастығы майор Тимур Жартыбаев.
Тимур Жартыбаевтың айтуынша, 2015 жыл қазақстандық әскери музыканттар үшін орасан жоспарларға толы.
«Біріншіден, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына арналған әскерлер парадына қатысамыз. Сонымен қатар, біз Жеңістің құрметіне Астанада әскери үрмелі оркестрлердің бірінші халықаралық фестивалін өткізу туралы бастама көтеріп отырмыз. Екіншіден, біз үшін дәстүрге айналған үрмелі оркестрлердің жыл сайынғы «Астана самалы» фестиваліне қатысамыз. Сондай-ақ, Мәскеуде өтетін «Спасская башня» фестивалінде өнер көрсетпекпіз» дейді. Қазақстандық әскери музыканттар өз шығармашылықтарын бөлісуге қашанда дайын. Сол үшін олар жоспарлы ресми шаралардан бөлек қалалық алаңдарда, стадиондарда, білім мекемелерінде тұрақты түрде шағын концерттер өткізіп тұрады», - дейді.
Бүгінде елімізде 23 әскери оркестр жұмыс істейді. Олардың қатарында бес жүзден астам әскери қызметшілер мен ҚР ҚК қызметкерлері бар. Әскери оркестрлер – Қарулы Күштерді көріктендіріп, олардың орындауындағы шығармалар Отанға деген патриоттық сезім мен сүйіспеншілікті оятады.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді