• Басты
  • Жаңалықтар
  • 2015 жылы құнды қағаздар бағамы жаһандық сұранысқа байланысты өзгеретін болады

2015 жылы құнды қағаздар бағамы жаһандық сұранысқа байланысты өзгеретін болады

8 Қаңтар, 2015 13:33
2015 жылы әлемдік экономикада көп кездесетін қиындықтар 2014 жылдан келді, деп хабарлады РИА Новости ағпараттық агенттігі The Foreign Policy америкалық басылымына сілтеме жасай отырып.

Әлемнің ең ірі экономикасы – АҚШ  - 2014 жылдың үшінші тоқсанында соңғы 11 жылдағы ең үздік көрсеткіш көрсеткенімен барлық жаһандық экономикалық ойыншылардың жағдайы мүшкіл, деп жазады америкалық экономист Дэниэл Альтман The Foreign Policy басылымындағы мақаласында.

2015 жылы әлемдік экономикада көп кездесетін қиындықтар 2014 жылдан келді. Сонымен, Еуропалық Орталық банк еуроаймақтағы дефляцияны шеше алмады, жапониялық экономиканы мемлекет премьері Синдзо Абэ жүргізген жаңа саясаты құтқармады, Қытай экономикасының өсімі төмендейді, делінген мақалада.

Оның үстіне, 2015 жылы нарық тағы бір үлкен проблемамен бетпе-бет келеді. Құнды қағаздар бағамы жаһандық сұранысқа байланысты өзгеретін болады. Мұнай бағасы жоғары кезде және экономикалық серпіліс жағдайында Қытыйдың мемлекеттік инвестициялық қорлары ірі инвестициялық нарыққа милиардттаған қаржы құйды. Сонықтанда мұнай бағасының төмендеуі мен ҚХР экономикасы өсімінің төмендеуі бұл сұраныс көзін азайтады, деп жазады автор. 

Барлық жаңалықтар