• Басты
  • Жаңалықтар
  • Экономиканың 43 секторында ЕАЭО-ның бірыңғай қызмет нарығы жұмыс істей бастады

Экономиканың 43 секторында ЕАЭО-ның бірыңғай қызмет нарығы жұмыс істей бастады

8 Қаңтар, 2015 12:32
ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің кәсіпкерлеріне экономиканың 43 секторында қызмет ұсыну мен тұтынуға барынша еркіндік жасалды, деп хабарлайды ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы.

2014 жылдың 23 желтоқсанында Мемлекет басшылары деңгейіндегі Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңес отырысында Еуразиялық экономикалық одақ аясында бірыңғай нарық жұмыс істейтін қызметтер секторының тізімі бекітілген еді.

Бекітілген тізімге сай, кәсіпкерлер заңды тұлғалардың қосымша мекемесінсіз жұмыс істеп, лицензия мен рұқсаттама және біліктілікті өзара мойындату құқығына ие болады.

2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап Біріңғай қызметтер нарығы (БҚН) үш ел үшін қызметтің 22 секторында жұмыс істей бастады. Атап айтар болсақ, ауыл және орман шаруашылығы, көлікті пен құрылғыны операторсыз жалға алу, салық салу саласындағы қызметтер, басқару мәселесі бойынша кеңес беру қызметтері, бағдарламалық қамтуды дайындау бойынша қызметтер, мәліметтерді өңдеу қызметтері, аудару қызметтері мен өзгелері.  

Қызметтің 6 секторында Қазақстан үшін өтпелі кезеңді ескере отырып 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап көтерме және бөлшек сауда саласында, франчайзерлік қызметтерде, қонақ үй мен қоғамдық тамақтану саласында жұмыс істей бастайды.

Қалған 15 сектор Беларусь пен Ресейге арналған: құрылыс қызметтері, инженерлік сала қызметтері, қойма мен тасымал саласы, техникалық қызмет көрсету мен автожол көлігі құрылғыларын жөндеу қызметтері.

Сонымен қатар 1 қаңтардан бастап ҚР азаматтары еш шектеусіз Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасы кәсіпкерлері ретінде тіркеле алады. Сонымен қатар аталған ел азаматтары да Қазақстанда кәсіптерін аша алады.

Барлық жаңалықтар