• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан мен Әзірбайжанның әскери теңіз күштері 2015 жылы Қаспий флотилиясымен оқу-жаттығу өткізеді

Қазақстан мен Әзірбайжанның әскери теңіз күштері 2015 жылы Қаспий флотилиясымен оқу-жаттығу өткізеді

8 Қаңтар, 2015 11:53
Қазақстан мен Әзірбайжанның әскери теңіз күштері 2015 жылдың маусым-шілде айларында Қаспий флотилиясымен оқу-жаттығу өткізеді, деп хабарлады Еуразиялық коммуникациялық орталықтың сайты.

«2015 жылы Каспий маңы елдері арасындағы халықаралық әскери ынтымақтастығы аясында Қазақстан мен Әзірбайжанның әскери теңіз күштері, яғни Қаспий флотилиясының кемелер жасағы бірлескен оқу-жаттығу өткізеді», — деп хабарлады Оңтүстік әскери округы баспасөз қызметінің бастығы, полковник Игорь Горбуль.

Бұдан басқа, оқу жаттығуға Ресейдің ӘТК қатысады. Бірлескен оқу-жаттығы барысында үш мемлекет қорғаныс шебін қалай құру керек сынды бірқатар жағдайларды пысықтайды.

Сонымен қатар, әскерилер әскери оқу-жаттығудан бөлек ,теңіз бетінде  іздестіру – құтқару  жаттығуларын да меңгеретін болады.

Барлық жаңалықтар