- Басты
- Президент Жолдауын іске асыруда кейінгі толқынға үлкен жауапкершілік артылады – Бегентаев
Президент Жолдауын іске асыруда кейінгі толқынға үлкен жауапкершілік артылады – Бегентаев

Топ құрамында ҚР Парламенті депутаты Мейрам Бегентаев пен «Полония» Павлодар облыстық поляктар қауымдастығы» ҚБ төрағасы Виталий Свинцицкий бар.
Олар ЖОО студенттері мен оқытушыларымен кездесіп, оларға ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» Жолдауының негізгі тұстарын түсіндіріп берді.
Мемлекет басшысы әлемдік экономиканың құлдырауы, шикізаттық ресурстар бағасының арзандауы мен бюджетке түсетін қаражат көлемінің азаюы кезінде елдің тұрақты әлеуметтік дамуын сақтап қана қоймай, сонымен қатар әлеуметтік бағдарламалардың орындалуына кепіл болатын бірқатар міндеттемелерді атап көрсетті.
Депутаттың пікірінше, «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатының басты ерекшелігі – ел жеті басты бағыттан тұратын Президентінің Қазақстанды инфрақұрылымдық дамыту жоспары болып табылады. Атап айтар болсақ олар: көлік-логистикалық, индустриялдық, энергетикалық инфрақұрылымдық даму, ТКШ, су және жылумен қамтамасы етуді жаңғырту, әлеуметтік инфрақұрылымды жаңарту, тұрғын үй құрылысы, сонымен қатар шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау. Осы мақсатта Ұлттық қордан 500 млрд теңге бөлінбек.
Алда өте күрделі және пайдалы жұмыстар күтіп тұр. Әсіресе кейінгі толқын жастардың Елбасы Жолдауын іске асыруда ерекше жауапкершілік арқалайтыны анық. Заманауи технологияларды меңгерген, жоғары технологиялық құрылғылардың тілін білетін, шет тілдерін оқыған мамандарға деген сұраныс бар. Мәжілісмен әрбір қазақстандық отбасының басты мәселелерінің бірі тұрғын үй мен әлеуметтік мәселелерге ерекше тоқталды.
Сонымен қатар студенттер мен оқытушылар топ мүшелеріне көкейлеріндегі сауалдарын қойып, оған мардымды жауап ала білді.
-
Ауыл әкімдерін сайлауда аудан әкімінің емес, жергілікті халықтың ықпалы басым болу керек – Айбек Қалиев
-
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасының іс жүзінде жүзеге асуына куә болудамыз – саясаттанушы
-
Президент соңғы жылдардың тенденцияларына арналған басымдықтарды көрсетті - сарапшы
-
Елдегі эпидемиологиялық ахуал нашарлады – Бас санитар дәрігер
-
"Nur Otan" партиясынан Мәжіліске жаңадан сайланған депутаттар мандаттық туралы пікірлерін айтты
-
«Nur Otan» партиясынан Мәжіліске кімдер сайланды
-
Сарапшылар пікірі: «Нұр Отанның» жеңісі – 2020 жылы атқарған жұмысының жемісі»
-
Қазақстандағы сайлау халықаралық стандартқа сай өтіп жатыр – халықаралық бақылаушы
-
ЕО комиссиясының төрағасы: Дауыс берушілердің көптігі – қалыпты өмірге оралуымыздың белгісі
-
Пандемия жағдайында сайлау мінсіз ұйымдастырылған – Франциялық бақылаушылар
-
Қазақстан демократиялық дамудың жоғары деңгейін көрсетті – итальяндық бақылаушылар
-
Сайлау: ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев таңдау жасады
-
Ақберен Елгезек: Президент құр сөз болып қалатын дүниелерді емес, орындалуы тиіс нақты істерді айтты
-
Саясаттанушы: Сайлау – Қазақстанның идеологиялық, демократиялық дамуының белгісі
-
Адам құқықтары – жаһандық және ұлттық басымдық

