- Басты
- Жаңалықтар
- EGov тұтынушылары «Сот кабинетіне» авторизациясыз кіре алатын болды
EGov тұтынушылары «Сот кабинетіне» авторизациясыз кіре алатын болды
Электронды үкімет сайты хабарлағандай, ақпараттық жүйелер арасындағы бірыңғай авторизацияны білдіретін Single Sign-On (SSO) механизмінің іске қосылуы екіжақты ынтымақтастықтың басты жетістігі болып табылады.
Тұтынушы қосымша авторизациясыз-ақ талап арыз беру, сот хаттамасын электронды нұсқада алуды сұрату туралы өтініш беру немесе хаттамаға өтініш беру туралы сұранысты қамтитын Жоғарғы Соттың үш қызметінің бірін пайдалана алады. Енді бұл қызметтерді алуға «Электронды үкіметі» порталында авторизациядан өтудің өзі жеткілікті.
«Ақпараттық технологияларды соттарда қолдануды дамыту мақсатында «Сот кабинеті» ақпараттық сервисі енгізілді. Осылайша, Жоғарғы Сот ел тұрғындары үшін сот жүйесінің барынша ашық әрі қолжетімді болуын көздей отырып, заманауи технологияларды сот жүйесінде қолдану бойынша жұмыстарды жалғастыруда», - деді ҚР Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы І.С. Испанов.
Жыл қорытындысы бойынша аталған сервис арқылы 105 мыңнан астам электронды өтініштер берілсе, соның 85 мыңнан астамын талап арыздар құрайды. Сонымен қатар, электронды өтініштер беру жүйесі 2011 жылдан бастап іске асырыла бастағанымен, оның функционалдық мүмкіндігі шектеулі болатын.
«SSO технологиясы электронды қызметтерді неғұрлым ыңғайлы пайдалануды қамтамасыз етіп, тұтынушыларды өз есептік жазбасының деректерін бірнеше рет енгізу қажеттілігінен босатады», - деді «ҰАТ» АҚ басқарма төрағасы Р.С. Еңсебаев. Оның айтуынша, интеграция көмегімен бүгінде 500 мыңнан астам тұтынушыны біріктіретін азаматтардың мобилдік базасымен бірлескен сот өндірісінің жүйесі негізінде тұтынушыларға түрлі хабарландырулар, ақпараттар мен шақырту хаттарын жіберудің мүмкіндігі арта түскен.
Бұл механизм сот жүйесіне қолжетімділікті арттырудың кезекті қадамы болып табылады және осы бағыттағы тұрақты қолжетімділікті қамтамасыз етеді. «Сот кабинеті» электронды сервисі істемей қалған жағдайда, талап арыздар мен өтініштерді «Электронды үкімет» веб-порталы арқылы беруге болады. Осы ретте, электронды өтініш беру қызметі «Электронды үкімет» веб-порталы мен «Сот кабинеті» сервисінде қатар қызмет көрсететінін атап өткен жөн.
-
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Атырау және Қызылорда облыстарында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
ІІМ: Балаларға қарсы қылмыстардың жолын кесу және есірткінің таралуын болдырмау шаралары -
Шетелдегі қазақстандықтар үшін eGov.kz-те 5 жаңа қызмет қолжетімді -
Мәжіліс отырысы: «Байқоңырдан» ұшатын зымырандар, мектептегі қауіпсіздік, мектеп емтихандарын болдырмау -
2021 жылы жол-көлік оқиғаларының көбеюіне не себеп болды -
Вакцина алу үшін eGov mobile аpқылы кезекке тұpу, «Saqbol» қосымшасы және ауылдардағы интернет сапасы -
Бюджеттің неғұрлым ірі сомасын игермеген министрліктер белгілі болды -
ҚР-дағы вакцинациялау: Вакцина алатын азаматтар нені білуі тиіс -
ҚР-дағы вакцинация: Вакцина алатындар нені білуі тиіс, қандай мекемелерде жүргізіледі және кімдерге салынбайды -
Мемлекеттік емес ұйым саналатын мекемелерге ресми сайтта ақпаратты ашық жариялау міндеттеледі