- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Назарбаев: Рождество мерекесі ізгілік пен қайырымдылықтың белгісі
Н.Назарбаев: Рождество мерекесі ізгілік пен қайырымдылықтың белгісі
"Православие христиандарын және күллі қазақстандықтарды жарқын да ізгі мереке – Рождество мейрамымен құттықтаймын!
Екі мың жыл бойы Рождество мерекесі діндарлардың жүрегіне қуаныш пен үміт ұялатып, қайырымдылық пен әділдікке, мейірімділік пен кешірімділікке сенудің нышаны болып келеді. Бұл – ізгі ниеттер мен қайырымды істердің, көмекке мұқтаж адамдарға қамқорлықтың уақыты.
Біздің заманымызда православтар қауымы өздерінің ғибадат ету дәстүрін жалғастырып келеді. Ол адамдардың діни сеніміне, руханият қайнарынан сусындауына көмектесіп, моральдық ұстанымдары мен дәстүрлі отбасылық құндылықтарын нығайтуда.
Православие христиандары еліміздегі конфессияаралық келісімді, қоғамдық тұрақтылық пен татулықты сақтауға сүбелі үлес қосып келеді. Қазақстандықтар діни нанымдары мен этностық шығу тектеріне қарамастан қуаныштарын бір-бірімен бөліседі.
Осы жарқын мерекеде барша діндарларға денсаулық, рухани күш, игі бастамаларына сәттілік тілеймін! Шаңырақтарыңыздан шаттық, татулық пен молшылық кетпесін!" - деді Елбасы.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
Ревакцинация: Қандай екпені салдырған дұрыс -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі -
«Astana Media Week»: Отандық БАҚ-тың дамуы, стратегиясы және фейк ақпаратпен күрес шаралары -
«Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарының тізімі жарияланды -
ДСМ: Коронавируспен сырқаттанушылық деңгейі 1,4 есе төмендеді -
COVID-19: Молдовада карантиндік шектеулер күшейтілуі мүмкін, ал Черногорияда ковидпен ауруханаға түскендердің саны артуда -
Пандемия басталғалы өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамту 37% -ға төмендеді -
Жамбылдағы жарылыс: себеп пен салдар -
Ұлттық қордың қаражаты: Кіріс пен шығын өлшемі -
Жем-шөппен қамту және егін жинау науқанына дайындық мәселелері -
Елордада орта есеппен күн сайын 300 адам ауруханаға түседі -
Медицина ұйымдарын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері