- Басты
- Жаңалықтар
- Семей гарнизонының әскери қызметшілері Жеңіс жалауын қабылдап алды
Семей гарнизонының әскери қызметшілері Жеңіс жалауын қабылдап алды
«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының Семей гарнизонына эстафета бойынша Қарағанды қаласынан келіп жеткен Жеңіс вымпелін беру ең салтанатты сәтке айналды. Жеңіс вымпелін капитан Ерлан Нұралин қабылдап алды. Ол вымпелді 8 қаңтарда Қапшағай гарнизонының әскери қызметшілеріне жеткізу құрметті миссиясын атқаратын болады.
«Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының орынбасары Азамат Мұқатаев Ұлы Жеңістің 70 жылдығын мерекелеу жылының және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығындағы ардагер жылының басталуын білдіретін акцияға қатысу әрбір әскери қызметші үшін құрметті іс екенін атап өтті.
«Біздер, Отан қорғаушылар үшін жеңіс үшін барлығын берген батырлар туралы естелік қасиетті, олардың ерлігі ұрпақтар үшін өшпес өнеге болып қала бермек», - деді А. Мұқатаев.
Естеріңізге сала кетейік, «Жеңіске құрмет» акциясы шеңберінде еліміздің өңірлерінде орналасқан құрамалар мен бөлімдерге Жеңіс вымпелін беру эстафетасы өтуде.
15 қаңтарда аяқталатын акция соңына қарай Жеңіс вымпелі Халық Қаһарманы армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебіне табыс етілетін болады.
-
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Халық санағы аяқталды: Нәтижесі қашан жарияланады -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Ревакцинация: Қандай екпені салдырған дұрыс -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
Өндірістік жарақаттанудың алдын алу шаралары -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек