Даму Банкі Павлодар мұнай-химия зауытын жетілдіруді қаржыландырады

6 Қаңтар, 2015 12:32
«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ «Павлодар мұнайхимия зауытын» жетілдіру жұмыстарын қаржыландыруға қатысады, деп хабарлайды Даму банкі.

«Қазақстанның Даму банкі» АҚ («Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің еншілес ұйымы, бұдан әрі - Банк, ҚДБ) «Павлодар мұнай химия зауыты» ЖШС («ҚазМұнайГаз» - қайта өңдеу және маркетинг» АҚ 100% еншілес ұйымы, бұдан әрі - ПМХЗ) жетілдіруді қаржыландырады. «Кілтпен тапсыру» келісімшартының құны $1,2 млрд астам. Жобаның басым бөлігі жапон банкілерінің клуб қарыздарының есебінен қаржыландырылады. ҚДБ қажетті қаражаттың шамамен 25%-ын несиелей 10 жылға дейінгі мерзімге құрылыс-құрастыру жұмыстарын жүргізуге береді. Несие беру валютасы – теңге.

Жобаны жүзеге асыру зауытта шығарылатын мотор майларының сапасын К4 және К5 (Евро-4 және Евро-5 стандарттарына сәйкес) экологиялық сыныптарының талаптарына сәйкес болуына дейін арттыруға, сонымен қатар, кәсіпорынның мұнай өңдеу қуаттылығын кеңейтуге мүмкіндік береді. Жетілдіру жұмыстары нәтижесінде зауыттың батыс сібір мұнайын өңдеу бойынша өнімділігі де жылына 5 млн-нан 7 млн тоннаға дейін ұлғайды, жылына 5 млн тоннаға дейінгі көлемде қазақстандық мұнайды өңдеу мүмкіндігі қамтамасыз етіледі.

Алғашқы екі қондырғылар кешенін іске қосқаннан кейін ПМХЗ 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап К4 санатты мотор жанармайын шығара алатын болады. Ағымдағы өндірісті тоқтатпай жүргізілетін зауыттың толық жетілдірілуі 2017 жылы аяқталады.

Осылайша, Қазақстандағы үш мұнай өңдеу зауытының екеуін жетілдіру жобаларын Даму Банкі ұзақ мерзімге қаржыландырады. Даму банкінің қаржылық қолдауымен Атырау МӨЗ жетілдіруінің бірінші кезеңі аяқталуда. Жобаның жалпы құны 2,9 млрд АҚШ долларын құрайды, жобаға қажетті 45%-ды ҚДБ қаржыландырды. Біз «ҚазМұнайГазбен» бірлесіп Қазақстанда жоғары сапалы мұнай өнімдерінің өндірісін дамытуға, еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыздандыруға үлес қосуға қуаныштымыз, - деп ерекше атады ҚДБ басшысы Болат Жәмішев.

«Дүниежүзілік қаржы нарықтарындағы бүгінгі күнгі жағдайда ҚДБ, мамандандырылған мемлекеттік даму институты ретінде, өз борышы мен мақсаттарына деген бейілділігін қайта көрсетті. Біздің Атырау МӨЗ-ін жетілдіру барысында ҚДБ-мен ынтымақтасу бойынша оң тәжірибеміз бар. «ҚазМұнайГаз – өңдеу және маркетинг» Қазақстанның Даму Банкін оның арқасында МӨЗ-ді жетілдіру жобаларын сәтті жүзеге асыруға болатын қаржылық серіктес деп санайды, - деді «ҚазМұнайГаз-өңдеу және марекетинг» АҚ Экономика және қаржы басқарушы директоры Торғын Махашева.

Барлық жаңалықтар