• Басты
  • Әскери қызметкерлер Қазақстанның барлық аймағындағы соғыс ардагерлерін құттықтады (ФОТО)
6 Қаңтар, 2015 15:04

Әскери қызметкерлер Қазақстанның барлық аймағындағы соғыс ардагерлерін құттықтады (ФОТО)

Қазақстандық әскери қызметкерлер бүкіл Қазақстанның Ұлы Отан соғысы ардагерлерін жаңа 2015 жыл - Жеңістің 70 жылдығын мерекелеу жылымен құттықтауын жалғастыруда.
Әскери қызметкерлер Қазақстанның барлық аймағындағы соғыс ардагерлерін құттықтады (ФОТО)

Қорғаныс министрлігінен хабарлағандай, Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығында генерал-майор Талғат Қойбақов бастаған әскери қызметшілер Жамбыл облысында тұратын Ұлы Отан соғысының ардагерлерін құттықтады. Тараздағы гарнизондық офицерлер үйінде майдангерлер құрметіне салтанатты іс-шара өтіп, құттықтаулар мен сыйлықтар ұсынылды, концерт қойылды.

«2015 жылы біз айтулы күн – ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өтеміз. Сіздерді жаңажылдық мерекелермен құттықтау – біз үшін асқан құрмет, өйткені біз сіздердің жауынгерлік тәжірибелеріңізді қастерлейміз, біз үшін сіздер үлгі тұтар тұлға болып табыласыздар. Жас жауынгерлер Сіздерден қаһармандық пен ерлік тәлімін алады», - деді ардагерлерге сөз арнаған «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары генерал-майор Марат Құсайынов.

Айта кетерлік жайт, Жамбыл облысында 350-ге жуық Ұлы Отан соғысының ардагері тұрады. Әрбір ардагерге әскери бөлімдер, бекітілген. Олардың қолбасшылығы майдангерлерге үнемі барып тұруды ұйымдастырады. Әскери қызметшілер гарнизондық офицерлер үйіне келе алмаған ардагерлердің үйлеріне барды. Оларға бүкіл «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскери қызметшілерінің атынан сыйлықтар табыс етілді.

Ал, Семейдегі зейнеткерлерге қызмет көрсететін реабилитация орталығында «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының атынан соғыс ардагерлері мен тыл еңбекшілерін қолбасшының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары полковник Азамат Мұқатаев пен запастағы генерал-майор Александр Мартынов құттықтады. Майдангерлерге өңірлік қолбасшылықтың әскери оркестрі концерт сыйлады.

Ақтауда Қорғаныс істері жөніндегі департаменттің бастығы полковник Д.Танкиев пен сержант Н.Рахов қарттар үйінде тұрып жатқан соғыс ардагерлері Гаврил Герасимов пен Иван Матвеенконы құттықтап, естелік сыйлықтар табыс етті.

Барлық жаңалықтар