- Басты
- Жаңалықтар
- 1 қаңтардан бастап Қазақстанда зейнетақы 9 пайызға көбейді
1 қаңтардан бастап Қазақстанда зейнетақы 9 пайызға көбейді
Бұл мақсатқа республикалық бюджетте 1 168,7 млрд. теңге қарастырылған.
Заңнамаға сәйкес, зейнетақы төлемдерінің мөлшері жыл сайын инфляция деңгейінен 2%-ға оза отырып, қайта есептеледі. 2015 жылы инфляция деңгейі 6-8% шамасында, ал орта мерзімді кезеңде 5-7% дейін төмендеуі болжанып отыр. Тиісінше, зейнетақы 9% артады (7% - инфляцияның орта деңгейі және 2% - озуы).
Базалық зейнетақы төлемін есепке ала отырып, зейнетақының орташа мөлшері 50 549 теңгені құрайды (зейнетақы төлемінің мөлшері – 39 367 теңге, базалық зейнетақы төлемінің мөлшері - 11 182 теңге), ең төменгі мөлшері, базалық зейнетақы төлемін есепке ала отырып, 34 874 теңгені құрайды.
2014 жылы республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне (соның ішінде базалық зейнетақы төлемдеріне) 1 053,5 млрд. теңге бөлінген болатын.
2014 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша зейнетақы төлемінің мөлшері: зейнетақының ең жоғары мөлшері, базалық зейнетақы төлемін есепке ала отырып, 67 399 теңгені құраған болатын (зейнетақы төлемінің мөлшері - 56 949 теңге, базалық зейнетақы төлемінің мөлшері - 10 450 теңге); орта мөлшері, базалық зейнетақы төлемін есепке ала отырып, 46 675 теңге (зейнетақы төлемінің мөлшері – 36 225 теңге, базалық зейнетақы төлемінің мөлшері - 10 450 теңге); ең төменгі мөлшері, базалық зейнетақы төлемін есепке ала отырып, 32 186 теңге (зейнетақы төлемінің мөлшері – 21 736 теңге, базалық зейнетақы төлемінің мөлшері - 10 450 теңге).
Қазақстан Республикасында 2014 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша жасына қарай зейнетақы алушылардың жалпы саны 1 909 597 адамды құрайды.
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Зейнетақы жүйесіне қандай өзгерістер енгізілмек -
Қазақстанда дизель отынының бағасы қанша