- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанның Елшісі Бразилия Президенті Д.Руссеффтің ұлықтау рәсіміне қатысты
Қазақстанның Елшісі Бразилия Президенті Д.Руссеффтің ұлықтау рәсіміне қатысты
Қазақстан Республикасының Бразилия Федеративтік Республикасындағы Елшісі Бақытжан Ордабаев Қазақстан Республикасы Үкіметі атынан, қайта сайланған Бразилия Федеративтік Республикасының Президенті Дилма Вана Руссеффтің ұлықтау рәсіміне қатысты.
Ұлықтау іс-шаралы шеңберінде қазақстандық дипломат Бразилия Вице-Президенті М. Темермен кездесіп, оның барысында Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Бразилия Президенті Д. Руссеффке жолдаған құттықтау хаттарының түпнұсқаларын табыс етті. Сондай-ақ, аталған кездесуде тараптар Қазақстан және Бразилия арасындағы мемлекетаралық күн тәртібіндегі мәселелер бойынша қысқаша пікір алмасты.
М.Темер өз кезегінде, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың құттықтау хатына алғысын білдіре отырып, Елбасына зор денсаулық және жақсылықтар, ал Қазақстан халқына одан әрі өркендеуіне, гүлдене беруіне өз тілектестігін білдірді.
Сонымен қатар, Елші Б.Ордабаев инаугурация шеңберінде жаңадан тағайындалған Бразилия Федеративтік Республикасы Сыртқы байланыстар министрі Мауро Виейрамен және бұрынғы Сыртқы байланыстар министрі Л.Фигейредумен кездесулер өткізді.
Тараптар, Қазақстан және Бразилия арасындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Оның барысында, Қазақстанның сыртқы саясатың басымды бағыттары, соның ішінде 2017-2018 жж. БҰҰ ҚК-нің тұрақты емес мүшесі болуына Қазақстан кандидатурасына Бразилия тарапынан қолдау мәселесі көтерілді.
-
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Аманжол Әлтай Жолдауда көтерілген мәселелерге қатысты пікірін білдірді -
Сарапшы: Жолдауда жастарға қатысты айтылған үш мәселені атады -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
Дін істері комитетінің төрағасы діни бостандықтың халықаралық саммитіне қатысты -
Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын жүрек» ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысты -
ІІМ: Кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыс саны 30%-ға қысқарды -
Қазақстанның сайлау жүйесінің трансформациялануы -
Жаһандық рейтингтегі Қазақстанның аналитикалық орталықтары