Астанада Мәскеудің үздік реаниматологтары дәрігерлерді оқытуда

5 Қаңтар, 2015 19:04
Елордалық дәрігерлер балалар реаниматологиясы және қарқынды терапия тәлімгерлік бағдарламасы бойынша оқытудан өтуде, деп хабарлады Астана қаласының денсаулық сақтау басқармасы.

«Тәлімгерліктің ерекшелігі - жұмыс орнында тәжірибе бөліміне басымдық беріп оқыту. Бұл ретте дәрігерлердің әлеуетін толық ашу үшін тиімді қолдау жүйесі мен кері байланыс та маңызды болып табылады», - делінген хабарламада.  

Мәскеулік әріптестер күн сайын кішкентай пациенттерге консультациялар беріп, емдеу жүргізеді.

Елордалық балалар стационарларының дәрігерлерімен бірге жансақтау, бейінді бөлімдерде жатқан балаларды қарап, клиникалық жағдайларды талдау кезінде өздерінің білімдерімен және тәжірибелерімен бөлісті, сонымен қатар, манекендердің көмегімен симуляциялық сценарийлер жасады.

Денсаулық сақтау басқармасынан атап өткендей, тәлімгерлер ретінде Н.И.Пирогов атындағы Ресей ұлттық зерттеу медицинасы университетінің балалар анестезиологиясы және қарқынды терапия кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д., профессор В.Лазарев пен балалар анестезиолог-реаниматологы, педиатриядағы симуляция бойынша Халықаралық тобының үйлестірушісі Уго Карлос Лоайса Левано шақырылды. Айта кетерлік жайт, бұл оқыту келер жылы да өз жалғасын табады. 

Барлық жаңалықтар