- Басты
- Жаңалықтар
- Қызылорда облысында 3-6 жас аралығындағы балалардың 90%-ы мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылған
Қызылорда облысында 3-6 жас аралығындағы балалардың 90%-ы мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылған
2014 жылы Қызылорда облысында 80-нен астам мектепке дейінгі оқыту мекемесі ашылды. Соның ішінде 60-тан астамы балабақша болса, қалғандары шағын орталықтар. Ашылған білім ошақтарының басым көпшілігі жеке меншік. Облыста атқарушы билік пен кәсіпкерлердің әріптестігі үйлесімді түрде жолға қойылған. Мемлекет жеке меншік балабақшаларға мемлекеттік тапсырыс беріп, қызметкерлердің жалақысы мен коммуналды қызмет төлемдеріне белгілі бір деңгейде көмек береді.
Әкімдіктің хабарлауынша, «Балапан» бағдарламасын іске асырудың оң нәтижелері Қызылорда облысында мемлекеттік балабақшалар салу есебінен қол жеткізілген. Мектептер жанынан шағын орталықтар ашу мен мемлекеттік-жеке меншік әріптестік те өз жемісін беруде.
Әкімдіктің мәліметіне сүйенсек, биыл Арал маңы тұрғындарының бүлдіршіндерінің барлығын мектепке дейнгі білім беру нысандарымен қамтамасыз ету мақсатында бірқатар шаралар қолға алынбақ. 3-6 жас аралығындағы балаларды 2015 жылы жүз пайыз балабақшамен қамтамасыз ету мақсатында жеке меншік балабақшалар мен шағын орталықтар құрылысы қарқынды жүреді.
Жоспар бойынша, Қармақшы ауданы Ақай ауылы мен Қазалы ауданы Жанқожа батыр ауылындағы балабақша құрылысына мемлекет қаражат бөледі. Сонымен қатар Шиелі облысы Шиелі ауылы мен Арал қаласындағы «Жазира», «Толқын» балабақшалары құрылысы басталды.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
ДСМ: Соңғы екі аптада еліміздегі сырқаттану деңгейі 36%-ға төмендеді -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
Атырау және Қызылорда облыстарында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды