БҚО-да «Даму» қоры мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерді қолдады

30 Қыркүйек, 2013 18:30
БҚО «Даму» қорының аймақтық филиалында «Даму-Көмек» бағдарламасы аясында мүмкіндігі шектеулі кәсіпкер жандарға спонсорлық көмек көрсетілді, деп хабарлайды Кәсіпкерлікті қолдау қорының баспасөз қызметі.

Мүмкіндігі шектеулі кәсіпкер Нұрғаным Молдағалиева мен Анар Төлейғарина өзісерін жүзеге асыруы көп функциялы тігін машиналары берілді.

Хабарламада айтылғандай, жалпы құны 1 млн теңгеге тігін машинасы, тоңазытқыш, ноутбук, фото-принтер секілді 43 құрал алынды.

Аталмыш бағдарламада кәсіппен айналысамын деген мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау мақсатында ұйымдастырылған.

«Осы сынды жобаларды іскеасыру тәжірбиесі көмек көрсетуді қалаған жандар көмек алушыларға қарағанда анағұрлым көп екенін көрсетті. Көбіне уақыт тапшылығы секілді объективті себептерге тәуелді кәсіпкерлер белгілі бір себептермен қайырымдылық істей алмай жатады. Біз  демеушілер  мен мүмкіндігі шектеулі кәсіпкер-жандардың арасында байланыс орнатуға тырысамыз», - делінген хабарламада.

 

 

Барлық жаңалықтар