Шымкентте Жеңістің 70 жылдығын тойлауға 268 млн теңге бөлінеді

5 Қаңтар, 2015 19:34
Шымкентте Жеңістің 70 жылдығын тойлауға қалалық бюджеттен 268 млн теңге қарастырылған, деп хабарлайды қала әкімдігі.

Әкімдіктің хабарлауынша, Жеңістің 70 жылдығына арналған Қаһармандар картасын қалпына келтіруге 21 млн теңге бөлінбек. Қаһармандар картасы – Ұлы Отан соғысында жан тапсырғандарға арналған ескерткіш.

«Шымкенттік ескі мазарда 53 жауынгер жерленген. Олардың арасында Кеңес Одағының екі батыры бар. Сонымен қатар бертінде қайтыс болған ардагерлер де жерленген», - делінген хабарламада.  

Бұрын Қаһармандар картасына оқушылар, студенттер мен журналистер келіп сенбілік жасайтын. Мереке күндері аталмыш ескерткіш қалпына келтірілмек. 

Барлық жаңалықтар