ҚР БҒМ 2014 жылдың «Жоғары оқу орнының үздік оқытушыларын» анықтады

2 Қаңтар, 2015 12:31
ҚР Білім және ғылым министрлігінде 2014 жылдың «Жоғары оқу орнының үздік оқытушылары» анықталды, деп ведомстводан хабарлады.

Министрліктен хабарлағандай, 2014 жылы конкурсқа 90 жоғары оқу орнынан 545 адам қатысты. 

Конкурстық іріктеу нәтижесінде «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағына 200 үміткер анықталды. Оның 39,5% -ын ғылым докторлары, 57% - ын ғылым кандидаттары, 3,0% -ын PhD  докторлары құрады, олар техникалық, педагогикалық, медициналық, ауыл шаруашылық, экономикалық, құқықтық және т.б.ғылымдар саласынан.

Грант жоғары оқу орнының оқытушыларына әлемнің жетекші университеттерінде шетелдік тағылымдамадан өтуге, өздерінің ғылыми және білім беру жобаларын іске асыруға мүмкіндік береді.

Айта кетерлік жайт, конкурстық комиссияның құрамына Парламент депутаттары, мемлекеттік органдардың, «Нұр Отан» партиясының Орталық аппаратының өкілдері кірді.

Барлық жаңалықтар