- Басты
- Жаңалықтар
- АӨК субъектілерін инвестициялық субсидиялау бағдарламасы бойынша қарастырылған қаражаттың 100% игерілді
АӨК субъектілерін инвестициялық субсидиялау бағдарламасы бойынша қарастырылған қаражаттың 100% игерілді
«Бұл - бағдарлама бойынша қарастырылған қаражаттың 100%. Бағдарламаға еліміздің барлық облыстары мен Астана қаласының инвесторлары – АӨК субъектілері қатысты.Барлығы АӨК салаларындағы 1 146 жоба бойынша субсидия төлеу мақұлданған. Жобалар 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосылған», - делінген хабарламада.
Мақұлданған өтінімдердің неғұрлым көп саны мынадай бағыттарға тиесілі: «Ірі қара малдың тауарлы фермаларын кеңейту және техникалық жарақтау» - 405 өтінім; «Етті мал шаруашылығы, қой шаруашылығы, жылқы шаруашылығы және шошқа шаруашылығы бойынша шаруашылықтар құру және кеңейту» - 330 өтінім; «Сүтті-тауарлы фермаларды құру және кеңейту» - 112 өтінім.
Бұдан басқа, «Жайылымдарды суландыру инфрақұрылымдарын салу» бойынша - 101 өтінім; «Суару жүйелерін құру және кеңейту» бойынша - 80 өтінім мақұлданған.
Ал, субсидиялардың неғұрлым көп бөлігі «Суару жүйелерін құру және кеңейту» бойынша - 2,5 млрд. теңге төленді.
Еске сала кетсек, инвестициялық субсидиялау елімізде биыл алғаш рет «Агробизнес-2020» бағдарламасы аясында жүзеге асырылды.
«ҚазАгро» ұлттық холдингі құрамындағы «Қазагромаркетинг» АҚ инвестициялық субсидиялау бағдарламасының операторы болып табылады және инвесторлардан бағдарламаға қатысу үшін өтінімдер қабылдайды.
Бағдарламаға сәйкес Қазақстан Республикасында инвестициялық салынымдарды жүзеге асыратын агроөнеркәсіп кешен субъектісі болып табылатын жеке және заңды тұлғаларға инвестициялық субсидиялар төленеді. Инвестициялық субсидиялар инвесторлардың Қазақстан Республикасы агроөнеркәсіптік кешеніндегі жаңа өндірістік қуаттар құруға немесе жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге, оның ішінде техника мен жабдықтар сатып алуға бағытталған шығындарының бір бөлігін өтейді.
Инвестициялық субсидиялар инвестициялық жобаны іске асыруға кеткен шығындардың 20-дан 80%-ға дейінгі үлесін өтеуге бағытталған.
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы -
«Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарының тізімі жарияланды -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
Сенсорлық интеграция бойынша жаттықтырушыларды оқыту басталды