- Басты
- Жаңалықтар
- Д. Әбілмажинова: Ардагерлерді қолдау – ол ҚР Президенті тарапынан ұдайы қамқорлық көрсету
Д. Әбілмажинова: Ардагерлерді қолдау – ол ҚР Президенті тарапынан ұдайы қамқорлық көрсету
Келе жатқан 2015 жыл Ұлы Отан Соғысының 70-жылдығы, сонымен қатар ТМД елдеріндегі ардагерлер жылы. Жаңа жыл қарсаңында Қазақстанда ардагерлерге қолдау көрсетуге бағытталған ТМД елдерінде еш баламасы жоқ Жалпыұлттық акция өтуде.
«Қоғамдық келісім» КММ басшысы атап өткендей, акция шеңберінде барлық облыстардың, қалалар мен аудандардың әкімдері ардагерлерді аралап, Елбасының құттықтау қағазы мен сыйлығын тарту етуде. Президенттің айтулы құттықтауын елімізде тұрып жатқан 5115 Ұлы отан соғысының ардагерлері алатын болады.
Оның үстіне, Елбасының тікелей тапсырмасымен Жеңістің 70 – жылдығын атап өтуге арналған шаралар жоспары бекітіліп қойды. 2015 жылдың 7 мамырында мемлекет басшысының қатысуымен мерекелік салтанатты әскери шеру өткізу көзделген.
«СҚО-да тұрып жатқан 287 ардагердің әрқайсысы Мемлекет басшысының құттықтауы мен сыйлығын алатын болады. Олар ішінде 120 қария аудандарда тұрады. Сондай-ақ, акция шеңберінде облыс әкімі Ерік Сұлтанов Ұлы Отан Соғысының ардагерлерін құттықтады. Ал, сұм соғысты өз көзімен көріп, тағдыр теперішіне көнген ардагерлер алғысын білдіріп, мемлекеттің қамқорлығын сезінетінін жеткізді», - деп атап өтті Д. Әбілмажинова.
Оның айтуынша, соғыстан кейін қаншама жылдар өтседе сол кездегі ата-аналарымыз бен аға әпкелеріміздің ерлігі мәңгі есімізде қалмақ.
«Біз соғыс ардагерлері алдында құрметпен басымызды иеміз. Біз олардың жеңіске жетуге қосқан үлестері үшін алғысымызды білдіреміз», - де толықтырды ол.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады