- Басты
- Жаңалықтар
- Ақмола облысында «Шағын –ЭКСПО-2014» ғылыми жобалар көрмесі
Ақмола облысында «Шағын –ЭКСПО-2014» ғылыми жобалар көрмесі
Онда студенттер мен ғалымдар ғана емес, сондай-ақ кәсіптік қызметі мен жасына қарамастан қатысуға тілек білдерген барлық ақмолалықтар өздерінің инновациялық тың идеяларын ортаға салды.
«Облыс әкімдігі, «Астана «ЭКСПО-2017» ҰК АҚ және «G-Global Халықаралық Хатшылығы» ЗТҰ-ның қолдауы барысында «Kazakhstan Innovations» ҚҚ-мен ұйымдастырылған бұл іс-шара, олардың ойынша Ақмола өңірін «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін өткізуге тартуға, сондай-ақ ғылыми әлеуетті дамытып, озық идеялы тың жобалар мен технологияларды тікелей өндіріске енгізуге себепші болып, үлкен серпін береді», - делінген хабарламада.
Жалпы, аталмыш көрмеге қатысуға 70-тен астам өтінім берілген болатын, қырықтан астамының тұсакесері өткізілді, іс жүзінде барлығы дерлік дипломдармен марапатталды.
Министрліктен атап өткендей, үздік еңбектер «G-Global» ақпараттық-коммуникативтік алаңындағы трансляция, «Online EXPO -2017» халықаралық конкурсына қатысуға ұсынылады, ал авторлары 2015 жылы өтетін Астаналық экономикалық форумға біздің өңірдің атынан қатысады.
«Модуль» ЖШС шебері Бостан Нурушев өз идеяларының қазақстандықтарға пайдасының тиетінініне деген сенімі мол. Бұлай ойлауға негіздеме де жоқ емес. Өнертапқыштың «Қазақстанға бейімделген модульді биогазды қондырғы» жобасы «Қалдықтарды пайдаға асыру» аталымында жүлделі бірінші орынға ие болды. «Су ресурстары» аталымында да оның «Жылу желілеріне арналған жаңғыртылған құбыр» жобасы үздіктердің бірі болды. Нурушевпен әзірленген мүгедектердің электр жеңіл арбасы пандустарсыз-ақ қозғалуға мүмкіндік береді. Бұл жоба «Үздік әлеуметтік бизнес-жоба» аталымында екінші болды.
Сонымен қатар, Көкшетау қаласындағы Жоғары техникалық мектеп оқушылары бірден төрт экспозияның тұсаукесерін көрсетіп, аталмыс жобалар комиссия мүшелерін қатты қызықтырды. Әсіресе, көпсатылы паркинг жобасы, сондай-ақ күн батареясын ұтымды пайдалануға арналған автоматтандырылған қондырғы ерекше аталды.
Бұдан басқа, «Таңдау» көпсалалы гимназиясының төртінші сынып оқушысы Адият Рахметулин желмен жұмыс істейтін қозғалтқыш көмегі арқылы энергия көзін өндіру жобасы де ерекше аталып өтті.
Іс-шара барысында Ш.Уәлиханов атындағы КМУ мен «Kazakhstan Innovations» ҚҚ арасында өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
-
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Индустрияландыру картасы шеңберінде қандай жобалар жүзеге асып жатыр -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Эпидемиолог: Жамбыл облысында вакцина алғандардың саны күн сайын артуда -
Президент тапсырмалары Жамбыл облысында қалай орындалып жатыр -
Ақмола облысының дамуы: Азық-түлік бағасын тұрақтандыру, инвестиция және түрғын үй мәселері