Ақтөбе облысында 172 оқушыға есептелген мектеп ашылды

31 Желтоқсан, 2014 13:05
Ақтөбе облысының Ойыл ауданында апатты жағдайдағы мектептер қалған жоқ, деп хабарлады облыстың ішкі саясат басқармасы.

Өтіп бара жатқан жылдың соңғы күндерінде Ойыл ауданының Амангелді ауылында салтанатты жағдайда 172 оқушыға арналған жаңа екіқабатты орта мектеп ашылды.

Ішкі саясат басқармасынан хабарлағандай, аймақтың  атқарушы билігінің білім саласына көңіл аударатынына шалғай ауданда соңғы үш жылда бес жаңа мектептің салынуы мен екі жылда 18 білім беру мекемесінің күрделі жөндеуден өткені дәлел бола алады.

 

Барлық жаңалықтар