- Басты
- Жаңалықтар
- 2015 жылы бүлдіршіндердің 77% мектепке дейінгі біліммен қамтылады - Білім министрлігі
2015 жылы бүлдіршіндердің 77% мектепке дейінгі біліммен қамтылады - Білім министрлігі
«Мемлекет басшысының ««Қазақстан-2050» Стратегиясы: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» халыққа Жолдауында атап көрсеткендей, 2020 жылға дейін 3 пен 6 жас аралығында мектепке дейінгі біліммен 100%-ға қамту үшін 4153 мектепке дейінгі мекеме ашылады. Бұл өз кезегінде 2015 жылы бүлдіршіндердің 77%, 2020 жылы 100% мектепке дейінгі біліммен қамтуға мүмкіндік береді», - деп сендірді министр.
2014 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша республика бойынша 8596 мектепке дейінгі білім беру мекемесі бар. Оларда 734,4 мың бала бар, 2013 жылмен салыстырғанда 60,6 мың орынға артық.
Айта кетерлік жайт, Оңтүстік Қазақстан облысында - 20,9 мың ең көп орын ашылды, Қызылорда облысында - 6,8 мың орын, Алматы облысында - 4 мың орын, Алматы қаласында - 13 мың орын. Жаңадан ашылған орындардың арқасында 1 мен 6 жас аралығындағы балаларды қамту 3%, 3 пен 6 жас аралығында 4% көрсетті.
«Мемлекеттік тапсырысты жекеменшік мектепке дейінгі мекемелерге республикалық бюджет есебінен орналастыру жекеменшік балабақшалар санын арттыруға септігін тигізуде. Нәтижесінде жекеменшік балабақшалар желісі 346 данаға артып, 1124 дананы құрады. Сонымен, мемлекеттік-жеке серіктестік есебінен 920 орынға арналған 8 балабақша ашылды», - деп хабарлады А.Сәрінжіпов.
Ведомвтодан хабарлағандай, тапшылық мәселесін шешу үшін білім беру саласында екі жоба жүзеге асырылу барысында. Солардың бірі Астанада 1440 орынға есептелген 6 балабақшаның құрылысы, олар жыл соңына дейін пайдалануға беріледі.
Камила Амирова
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Білім беру саласын цифрландырудың маңызы -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде -
Үздіксіз білім берудің әлеуеті қалай -
Тамыз кеңесі:Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр