Ауыл шаруашылығына берілетін субсидия көлемі 1,7 есеге артты - АШМ

31 Желтоқсан, 2014 11:03
Биыл ауыл шаруашылығына берілетін субсидия көлемі 148,7 млрд.теңгені құрады, бұл 2013 жылғы (88,4 млрд. теңге) және 2012 жылғы (90 млрд. теңге) деңгейден 1,7 есе артық, деп ҚР Ауыл шаруашылық министрі Асылжан Мамытбеков Strategy2050.kz агенттігіне берген сұхбатында мәлімдеді.

«Қазір «Агробизнес-2020» бағдарламасын іске асырудың алғашқы нәтижелері туралы айтуға болады. Жыл сайын мемлекеттік қолдау көлемдері ұлғаюда, осы  жылы субсидиялар көлемі 148,7 млрд.теңгені құрады, бұл 2013 жылғы (88,4 млрд. теңге) және 2012 жылғы (90 млрд. теңге) деңгейден 1,7 есе дерлік артық. Бұл ретте өсімдік шаруашылығында осы жылы субсидия көлемі 2012 жылмен салыстырғанда 1,4 есе (72,6 млрд. теңге), мал шаруашылығында 1,5 есе (48 млрд. теңге) ұлғайған», - дейді министр.

Мемлекеттік қолдаудың жаңа тетіктеріне келетін болсақ, агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру үшін бүгінгі күні «ҚазАгро» Холдингі 2 млрд. АҚШ долларына жуық сомаға евробондтарды тартты. Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін 2013 жылдан бүгінгі күнге дейін қаржылық сауықтыруды іске асыру нәтижелері бойынша агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің жалпы сомасы 311,1 млрд. теңгеге 274 берешегі мақұлданды. Бағдарламаның негізгі көрсеткіші 300,0 млрд. теңге сауықтырылатын берешек сомасы екенін ескерсек, бұл толық орындалды.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта Министрлік агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің сауықтырылатын кредиттік және лизингтік міндеттемелерін 400,0 млрд. теңгеге дейін ұлғайту бойынша жұмыс жүргізуде, осы ретте «Агробизнес-2020» бағдарламасына тиісті өзгерістер енгізілетін болады. Көрсетіліп жатқан мемлекеттік қолдау ауылда бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасауға мүмкіндік береді, салаға жеке инвестициялар тартуға ықпал етеді, бөлінетін бюджеттік қаражаттың тиімділігін арттырады.

«Инвестициялық субсидияларды төлеу тетігін іске асыруға 2014 жылы 14,5 млрд.теңге көзделген. «Қазагромаркетинг» АҚ мәліметі бойынша бүгінгі таңда агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінен 1071 өтінім түсті, олардың ішінде жалпы сомасы 7,8 млрд. теңгеге758 жобаны комиссия мақұлданды», - дейді А.Мамытбеков.

Бұдан басқа,  ауыл шаруашылық өнімдерінің нақты түрлерін өндіру үшін ауыл шаруашылық жерлерді ұтымды пайдалану аясында аудандардың мамандандыру схемасы әзірленіп бекітілді. Схема аудандар кесіндісінде әр облыстың мамандануын нақтылауға мүмкіндік берді. Бұл ретте жергілікті атқарушы органдармен аудандар кесінінде Өңiрлердi мамандандырудың схемасына сәйкес ауыл шаруашылығы өнімінің өндірісін кезеңдеп субсидиялауға көшу жоспарларын әзірлеп, аумақтардың даму бағдарламаларына енгізу аясында жұмыс жүргізіліп жатыр.

Бауыржан Мұқанов

Барлық жаңалықтар