ҰКП әлеуетті бизнесмендерге қаржылай емес көмек көрсететін болады (ФОТО)

31 Желтоқсан, 2014 09:01
ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен "Даму" кәсіпкерлерді қолдау қоры" кәсіпкерлік субъектілері мен кәсібін ашуға ынталы азаматтарға қаржылай емес қолдау шараларын көрсетудегі әріптестік туралы келісімшартқа қол қойды.

Құжатқа ҚР ҰКП өңірлік даму департаментінің директоры - басқарушы директор Дінмұхамбет Әбсаттаров пен "Даму" КҚҚ" Басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимов қол қойды. 

Келісім негізінде кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарында "бір терезе" қағидасы арқылы қаржылай емес қолдау көрсетілмек. Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарында кеңестер беріліп, ақпараттық түсіндіру шаралары жүргізілмек. сондай-ақ сервистік қолдау беріледі. Бұдан бөлек Ұлттық кәсіпкерлер палатасы "Бизнес-кеңесші", "Бизнес-өкім" және "Бизнестің жол картасы-2020" жобаларын жүзеге асырмақ. Арнайы бағдарламалар кәсіпкерлер үшін қысқа мерзімді оқыту оқу курстарын ұйымдастыруға, бизнес жүргізудің әдіс-тәсілін меңгертуге арналған тренингтер өткізуге және оқу-әдістемелік материалдарды дайындап, ақпараттық-сараптамалық қолдау білдіруге мүмкіндік береді. 

Бұған дейін де хабарланғандай, ҰКП жанынан бастауыш кәсіпкерлер үшін бизнес мектептері ашылмақ. Жоба еліміздің барлық қалалары мен аудандарда қамтылмақ. Палата жанынан мониторинг жүргізіліп отырады.

Барлық жаңалықтар