- Басты
- Жаңалықтар
- Қызылорда облысының ҰОС ардагерлері құттықтау алды
Қызылорда облысының ҰОС ардагерлері құттықтау алды
30 Желтоқсан, 2014 19:51
Қазақстан Республикасы Президентінің Ұлы Отан соғысы ардагерлерін қолдау бойынша жалпы ұлттық акциясы аясында Сырдария ауданының әкімі Ғ. Қазантаев Елбасының атынан ҰОС ардагерлерін келе жатқан Жаңа жылмен және Жеңістің 70 жылдығымен құттықтады, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Ғанибек Қазантаев Ұлы Отан соғысының ардагерлері Яхия Тасыровқа, Маханбет Бержановқа, Дәуітбай Сақтағановқа, Оразбай Қожалақовқа зор денсаулық пен бар жақсылықты тілеп, сыйлықтар табыс етті.
Мемлекет басшысы өз құттықтау хатында «Сіздің замандастарыңыздың соғыстағы ерліктері мен бейбіт жылдардағы еңбектері, сондай-ақ ел Тәуелсіздігін нығайтуға қосқан үлесі шын мәнінде елге – мұра, ұрпаққа – өнеге. Қазақстандықтар мұны әрдайым қастерлейді, Сіздерге шынайы ізет-құрмет пен жан-жақты қамқорлық көрсетуден аянбайды»,- дей келе зор денсаулық пен қажымас қажыр-қайрат, ұзақ та бақытты ғұмыр тілеген.
Ардагерлер Мемлекет басшысына қамқорлығы мен ықыласы үшін алғыстарын білдірді.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Халық санағы аяқталды: Нәтижесі қашан жарияланады -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Ревакцинация: Қандай екпені салдырған дұрыс -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
Өндірістік жарақаттанудың алдын алу шаралары -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек