• Басты
  • 2015 жылдың бірінші жарты жылдығындағы жоспарлы тексерістен кәсіпкерлер босатылады – ҰЭМ
30 Желтоқсан, 2014 15:56

2015 жылдың бірінші жарты жылдығындағы жоспарлы тексерістен кәсіпкерлер босатылады – ҰЭМ

2015 жылдың бірінші жарты жылдығындағы жоспарлы тексерістен кәсіпкерлер босатылады, деді ОКҚ брифингінде ҚР ҰЭМ Тұтынушылар құқығын қорғау комитетінің төрағасы Әлиакпар Мәтішев.
2015 жылдың бірінші жарты жылдығындағы жоспарлы тексерістен  кәсіпкерлер босатылады – ҰЭМ

«ҚР Ұлттық экономика министрі кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту мақсатында 2015 жылы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласында тексеріс жүргізу тәртібін айқындайтын бұйрыққа қол қойылды», - деді ол.

Бұйрықта 2015 жылғы бірінші жартыжылдықта кәсіпкерлік   субъектілерді жоспарлы түрде тексеруден босату көзделген.

Тұтынушылар субъектілеріне жатпайтын объектілерді тексеру жоспарлы түрде жүргізілетін болады. Негізінен бұл – мемлекеттік білім беру және денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік объектілер.

«Жоспарлы тексерістерден басқа:өтініштер (арыздар) бойынша, инфекциялық аурулар бойынша эпидемиологиялық ахуалдың асқынуы кезінде, бұрын берілген ұйғарымдарды тексеру бойынша жоспардан тыс тексерулер жүргізілетін болады», - деп атап өтті ол.

Мұндай жағдайда жоспардан тыс тексерулер сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілерге де  қатысты болады.

«Бұдан басқа, тұтынушылардың құқықтарын қорғау органдары рұқсат беру құжаттарын (объектілерге, жобаларға, өнімдерге, көрсетілетін қызметтерге берілетін санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылар) беру кезінде және үй ошақтарында (бақылау объектілерінің қызметтерімен байланысты емес) инфекциялық ауруларды тіркеу кезінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша жүргізілетін бақылаудың өзге де нысандарын жүзеге асыратын болады», - деп атап өтті Ә.Мәтішев.

Кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайларды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша заңның қабылдануымен тексерулер объектілердің тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлерін енгізу негізінде жүргізілетін болады.

«Осылайша, 2015 жылғы екінші жартыжылдыққа тексеру жүргізу кестесін құрғанға дейін бақылау субъектілерінде аталған ынталандыратын компоненттерді енгізу мүмкіндігі бар», - деді ол.

Камила Амирова 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды