- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада ҚР ІІМ емханасы бар орталық госпиталь ашылды
Астанада ҚР ІІМ емханасы бар орталық госпиталь ашылды
Қазіргі таңда ІІМ ЕБОГ қаланың жетекші емханаларымен, «Астана медициналық университеті» АҚ-мен, операцияларға және ем жүргізуге қатысатын хирургия, урология, кардиология, неврология, терапия кафедраларының қызметкерлерімен ынтымақтастық жөнінде келісімге қол жеткізді.
Орталық госпиталь – 212 орындық, емхана стационары – бір ауысымда 500 адамды қабылдай алады. Жаңа госпиталь республика бойынша барлық тіркелуші контингентке медициналық көмек көрсетеді. Арнайы көмекке зәру құқық қорғау органдарының қызметкерлері, олардың отбасы мүшелері, құқық қорғау органдарының ардагерлері тұрғылықты мекенжайына қарамастан жоспарлы тәртіпте ем қабылдай алады.
ІІМ-нің емханасы бар орталық госпиталі – министрліктің әлеуметтік саясатының бөлшегі. Оның қызметі қоғамдық тәртіпті сақтаудың және азаматтарды қылмыстық қолсұғушылықтан қорғау және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз етудің тиімділігін арттыру үшін дені сау әрі жан-жақты мықты кадрлық ресурсты қалыптастыруға бағытталған.
Орталықтың ашылу салтанатында Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов әлемдік экономикадағы жағдайға қарамастан, ел Президенті Н.Ә. Назарбаевтың әлеуметтік қамтамасыз етудің маңызды аспектілеріне ерекше мән беріп отырғанын атап өтті. Үкімет қаражат бөліп, елорда Әкімдігі денсаулық сақтау объектілерінің қатарынан жер орнын бергені Орталықтың елорданың жүйелі құрылып жатқан медициналық кластерімен бітеқайнаса қызмет етуіне оң ықпалын тигізетіні сөзсіз.
«Астанаға көшірілген кезден бастап күткен ҚР ІІМ-нің емханасы бар орталық госпиталінің ашылуымен ішкі істер органдарының қызметкерлері мен ардагерлеріне көрсетілетін медициналық көмектің сапасы едәуір жақсарады» - деді Қ.Қасымов.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
Еңбек нарығында қай сала қызметкерлеріне сұраныс бар -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Тұрғын үй нарығында тұрақтылық бар ма -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары