- Басты
- Жаңалықтар
- СҚО-ның ІІД мен ТЖД қызметкерлері күшейтілген жұмыс режиміне көшуде
СҚО-ның ІІД мен ТЖД қызметкерлері күшейтілген жұмыс режиміне көшуде
«2014 жылдың 30 желтоқсанынан бастап 2015 жылдың 4 қаңтары аралығында Ішкі істер департаменті күшейтілген жұмыс режиміне көшеді. Қосымша патрулдік – пост жасағы көбейтіледі», - делінген хабарламада.
Жалпы күн сайын облыс орталығында 102 патрульдік жасақ шығарылады және оған барлығы 353 полиция қызметкері жұмылдырылған. Қаладағы 17 мұз қалашықтарға тәулік бойы полиция қызметінің күзеті ұйымдастырылған.
Ал, мерекелік күндердегі өрт қауіпсіздігіне келіп тоқталатын болсақ, Төтенша жағдайлар департаменті облыстық және республикалық маңызда өткізілетін шаралар нысанының тізімін жасақтап қойды. Оған 700-ден астам нысан енгізілген.
Әкімдіктен атап өткендей, басшылық құрам тәулік бойы кезекшілік жүргізетін болады. Әр тәулік сайын 130 өрт сөндіруші, 8 құтқарушы-водолаз, 90 дана өрт сөндіру және арнайы техника кезекшілікке түседі.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері