- Басты
- Жаңалықтар
- БҚО-да 160 отбасы «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша пәтерге ие болды
БҚО-да 160 отбасы «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша пәтерге ие болды
«Көктем» шағын ауданында 100 және 60 пәтерлік екі бесқабатты үй салынды. Құрылысқа республикалық бюджеттен қаражат бөлінді, сонымен қатар жұмсалған қаржының 10 пайызы жергілікті бюджеттен бөлінді. Жалпы есеппен нысанның сметалық құны 800 млн теңгеден астам, ал тұрғын аумағы 10 мың шаршы метрден асады», - делінген хабарламада.
Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев салтанатты түрде пәтер иелеріне жаңа баспана кілтін табыстап, барлығын қоныс тойымен және Жаңа жылмен құттықтады.
«Бүгін біз 160 отбасына «Қолжетімді баспана-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында өздеріне тиесілі пәтерлерін табыстап жатырмыз. Облыста тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар, балабақшалар, мектептер Мемлекет басшысының тапсырмасымен салынып жатыр. Президентіміздің бастамасымен халыққа жан-жақты қолдау көрсетіп, құрылысқа қаражат бөлінуде», - дейді әкім.
Оның айтуынша, облыста өнеркәсіптік өндіріс нысандары құрылысы бойынша бірқатар жобалар іске асырылуда, соның ішінде үй салу комбинатын пайдалануға бердік. Бұл өңірдегі құрылыс қарқынына жан бітірмек.
Ішкі саясат басқармасының хабарлауынша, 2014 жылы жеті тұрғын үй пайдалануға берілген. Ондағы жалпы пәтерлер саны 736. Пәтер алғандар негізінен жас отбасылар, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» салымшылары мен кезекте тұрғандар. 2015 жылдың бірінші жарты жылдығында 100 және 60 пәтерлік жас отбасыларға арналған екі үй өз иелерін таппақ.
-
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар