- Басты
- Жаңалықтар
- Степногорск қаласында ҚР Президенті атынан ҰОС ардагерлерін құттықтады (Фото)
Степногорск қаласында ҚР Президенті атынан ҰОС ардагерлерін құттықтады (Фото)
«Ақмола медиа орталығынан» хабарлағандай, аталмыш жалпыұлттық акция шеңберінде қала басшысы Мұратбек Тақамбаев шаһардағы ҰОС ардагерлерімен кездесіп, ҚР Президенті атынан құттықтау қағазын табыс етті.
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өз құттықтауында, «Сіздің буындарыңыз соғыс және одан кейінгі жылдары өздерінің жауынгерлік және еңбек ерліктерімен, еліміздің Егемендігінің нығаюына қосқан үлестерімен өскелең ұрпаққа үлгі болды»,- деп атап өтті.
Алғашқы болып қала әкімі Александр Павлович Рыбалкомен кездесті. 87-жастағы Ұлы Отан соғысының ардагері әскерге 1944 жылы барған, Қиыр Шығыс майданындағы ұрысқа, Оңтүстік Сахалин мен Курил аралдарын азат етуге қатысқан. Әскери наградалары жетерлік, бейбіт заманда ауыл мектебінің директоры қызметін атқаған - педагогикалық еңбек өтілімі 44 жыл.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысының құттықтауын келер жылы тоқсан жасын атап өтуге дайындалып отырған Ұлы Отан соғысының ардагері Иван Яковлевич Бабин де алды. Ол сұрапыл соғыс жылдары Вятка, Екінші Балтық жағалауы майданында байланысшы қызметін атқарған. Екінші дәрежелі Ұлы Отан соғысы орденімен, «Ерлігі үшін», «Германияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталған.
Бұдан басқа, Мұратбек Тақамбаев соғыс ардагерлері Николай Васильевич Кузнецов және Алевтина Ивановна Герасимовамен кездесіп, Президенттің құттықтауын жеткізді. Бұл ардагерлерде Екінші дәрежелі Ұлы Отан соғысы орденімен және өзгеде жетістіктері үшін медальдармен марапатталған.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Еліміздің бес қаласында жаңа шектеу шаралары күшіне енді -
Президент дипломаттарды кәсіби мерекесімен құттықтады -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
Мемлекет басшысы журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтады -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі -
ҚР экономикасы: Бес айда не өзгерді -
ТЖМ: шомылу маусымы, Риддердегі өрт пен Алматыдағы жер сілкінісінің алдын алу -
Мәжіліс отырысы: қашықтан жұмыс істеу, фeльдъeгepлік байланыс және жер қатынастары туралы Заңдар -
ҚР экономикасы: ЖІӨ, инвестиция, сыртқы сауда және экономикалық белсенділікті ынталандыру шаралары -
ҚР Энергетикасы: Электронды аукцион мен өткізу процесін жетілдіру және цифрланатын жобалар -
ҚР Денсаулық сақтау жүйесі: көлік медицинасы, дәрігерлер жалақысы, ана өлімі, пандемиямен күрес шаралары