• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қорғаныс министрі Н.Назарбаевқа Қазақстан армиясының қамтылуы туралы баяндады

Қорғаныс министрі Н.Назарбаевқа Қазақстан армиясының қамтылуы туралы баяндады

29 Желтоқсан, 2014 17:37
Елбасы қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетовті қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

«И.Тасмағамбетов кездесу барысында Мемлекет басшысына министрліктің қазіргі қызметі мен келер жылғы міндеттері туралы баяндады», - делінген хабарламада.

Мемлекет басшысы Қарулы күштердің жауынгерлік қабілетін әрі қарай жетілдіру мен елдің қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамытудың маңыздылығына назар аударды.

Қорғаныс министрі сондай-ақ Қазақстан армиясын заманауи қару-жарақпен және әскери техникамен жабдықтау жөнінде жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтты.

Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырмалар берді. 

Барлық жаңалықтар