- Басты
- Жаңалықтар
- Алматыда 100-ден астам медицина қызметкері жаңа жатақханадан пәтер кілттерін алды
Алматыда 100-ден астам медицина қызметкері жаңа жатақханадан пәтер кілттерін алды
Медицина қызметкерлеріне арнап салынған қызметтік жаңа жатақхананың ашылу салтанатында Алматы әкімі Ахметжан Есімов Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қалада денсаулық саласын дамытуға үлкен назар аударылып отырғанын айтты.
«Қалада тек үш жылдың ішінде ғана осы сала бойынша 18 нысан салынды. Жыл сайын саланы қаржыландыру көлемі артып келеді. Биыл медицина қызметкерлері күніне орай біз өз мүмкіндігімізді қарастырып, тағы да 1 млрд. теңге бөлдік, Оның 660 млн. теңгесі саланың үздік қызметкерлерін ынталандыруға жұмсалды, 2,5 мың адам 180 - 280 мың теңге көлемінде сыйақы алды. Қалған 340 млн. теңге жатақхана салуға жұмсалды», - деді Ахметжан Есімов.
Қала басшысы халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету бағдарламасы аясында 54 дәрігердің пәтер кілтін алғандығын, денсаулық саласындағы жақсы нәтижелерді де атап өтті.
«Біздің қолдау көрсетуіміздің арқасында халықтың денсаулығы да жақсара түсуде. Орташа өмір сүру жасы бойынша біздің қаламыз еліміз бойынша алдыңғы қатарда. Жалпы өлім, соның ішінде сәбилер мен аналар өлімі азаюда. Денсаулық сақтау көрсеткіші бойынша Алматы жетекші орында», - деді Ахметжан Есімов.
Шара соңында Алматы әкімі Жаңа жылмен құттықтап, жаңа жатақханаға қоныстанғандардың шаңырағына береке мен бақыт тіледі.
-
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Халық санағы аяқталды: Нәтижесі қашан жарияланады -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі