- Басты
- Жаңалықтар
- Насыр Рүстемов: Әйел - азаттық символы
Насыр Рүстемов: Әйел - азаттық символы
«1983 жылы Оңтүстік Қазақстан одағының төрағасы болып тағайындалдым, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі едім, 4 жыл сол жерде қызмет еттім, кейін біздің құрылымды өзгертті, Суретшілер одағы қайта құрылудан кейін жабылып қалды», - деді Н.Рүстемов.
Қазіргі таңда Насыр Рүстемов 70 жұмыстың авторы болып есептеледі. Таразда Насыр Әшілұлының қатысуымен 12 ескерткіш орнатылды. Ал, Оңтүстік Қазақстан бойынша қанша екенін автордың өзі нақты айтуды қиынсынды.
Өзінің ірі жұмыстарының бірі Насыр Рүстемов Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған тарихи – монументалды саябақ кешені деп есептейді. Осы еңбегі үшін ол 2014 жылы ҚР әдебиет және өнер саласында мемлекеттік сыйлықтың иегері атанды. «Менде әйел тұлғасын бостандық ретінде бейнелау идеясы болған. Сол идеямды ұсындым», - деді Насыр Рүстемов.
Жобамен жұмыс ұзақ уақыт бойы жалғасты. Ал қазір алаңда 24 метрлік әйел бейнесіндегі «Жер-ана» - «Мать-земля» стелласы тұр. Стелла халықтардың бірлігін бейнелеп тұр. Ескерткіш «Ордабасы» алаңында орналасқан. Ол қазақтың негізін қалауға септігін тигізген үш бидің- Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би көшесінің қиылынсында орналасқан.
Тәуелсіздік монументінің ашылуы 2009 жылдың 22 қыркүйегінде өтті. Салтанатты шараға ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысты. 2001 жылы Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында көлемі 8,5 га жерді алып жатқан ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қалалық паркі салтанатты түрде ашылды.
Өз кезегінде мүсінші болашаққа деген өзінің жоспарларымен бөлісті. 2015 жылы Н.Рүстемов Алдар Көсе мен Марс Үркімбаевқа ескерткіш құруды ойластыруда.
Анықтама: Насыр Рүстемов 1947 жылдың 27 наурызында дүниеге келді, ұлты - қазақ, білімі - жоғары.
3-сыныпқа дейін Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы Жаңабазар ауылында білім алады, содан соң Шымкент қаласына көшіп, орта мектепті қалада тәмамдайды.
Әскери борышын өтеген соң, Ташкенттегі Бенькова атындағы көркемөнер білім ордасына оқуға түседі. Онда 4 жыл білім алады.
1974 жылы Н.Рүстемов Суриков атындағы Мәскеу көркемөнер институтының монументалист – мүсінші мамандығы бойынша оқуға түседі.
1980 жылы институтты бітірген соң туған еліне оралады, сол жерде ол ОҚО суретшілер одағында жұмысқа кірді.
Насыр Рүстемов – Қазақстан Республикасының 2014 жылғы әдебиет және өнер саласының мемлекеттік сыйлық иегері.
Шымкент қаласындағы «Жер-ана» Тәуелсіздік монументі, Бәйдібекке ескерткіш, Тарази ескерткіші, Тараз қаласындағы Мұхаммед-Хайдар Дулати атындағы институттың мозаикалық панносы, Түркістан қаласындағы Бекзат Саттархановтың ескерткіші, Абайға, Тұрар Рысқұловқа, Бауыржан Момышұлына, Ахмет Байтұрсұновқа қойылған ескерткіштердің авторы.
2006 жылы «Құрмет» орденіне ие болды.
-
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Прездент тапсырмасы: Полиция департаменттеріндегі жедел-тергеу топтарына тергеуші әйелдер енгізілді -
Әйелдердің ауыл мен ауыл шаруашылығын дамытудағы рөлі -
Әйелдер зорлық-зомбылығы: дене автономиясы, "shyn.kz" жобасы, жасөспірімдер арасындағы жүктілік -
Әйелдер мен балалар тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қалай құтқарылады -
Л.Рамазанова: Жаһандық дағдарысты еңсеруде, экономиканы ілгерлетуде әйелдер маңызды рөл атқарады -
Мейрамхан Жәпек, журналист: Әйелдер қосымша білім алудан қорықпау керек -
Әйел құқығы: Әлемде және Қазақстанда -
Әйелдер кәсіпкерлігін қолдау: Үздiк бизнес-идеяға аpналған конкуpстың шарттары қандай -
Парламенттегі әйелдер мен жастар үлесі: Жаңа Парламенттің жұмысы қалай болмақ -
Л.Рамазанова: Қақтығыстарды бейбіт жолмен шешу процестеріне әйелдерді белсенді тарту қажет -
Ауыл әйелдері форумы: Іскер әйелдердің үлесін арттыратын алаң -
Елордада ауыл әйелдерінің III Республикалық форумы басталды -
«Адамдарға көмектесу-мақтаныш емес, азаматтық борышым». Жүкті әйелді босандырып алған полицейдің әңгімесі