- Басты
- Жаңалықтар
- Мемлекеттік хатшы Түркі академиясының ғылыми-зерттеу қызметімен танысты (ФОТО)
Мемлекеттік хатшы Түркі академиясының ғылыми-зерттеу қызметімен танысты (ФОТО)
Г.Әбдіхалықова Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы, ҚР Конституциянының 20 жылдығы мен Қазақ хандығының 550 жылдығын, Жеңістің 70 жылдығын атап өтуге арналған мерекелік шараларға дайындық аясында жүргізіліп жатқан жұмыстарға ерекше көңіл бөлді. «Түркі академиясы түркі әлемінің бай рухани-мәдени мұраларын, атап айтар болсақ қазақ мемлекеттілігін, Қазақ хандығының құрылуын зерттеуде маңызды роль атқарады», - деп атап өтті Г.Әбдіхалықова.
Сонымен қатар Мемлекеттік хатшы түркі халықтарының тарихи музейін аралады. Онда түркі халықтарының өздеріне тән ерекшелігі мен тарихынан, мәдениеті мен сол кездегі болмысынан сыр шертетін экспонаттар және көне жәдігерлер қойылған.
Бұдан басқа, академияның кітапханасы таныстырылды. Онда 32 мыңнан астам кітап бар. Айта кетерлік жайт, кітапхана қоры А.Наджип, А.Құрысжанов, А.Қайдар сынды белгілі ғалым-түркітануышлардың еңбектерімен және танымал венгірлік түркітанушы Иштван Коныр Мандоктың 16 мың кітабымен толықтырылды.
Жалпы, Түркі академиясында 30-дан астам түркітанушы орталықтардың мүддесін қорғайтын әлемнің 192 ғалымының қатысуымен 36 ғылыми жоба жүзеге асырылуда.
Айта кетерлік жайт, кездесу соңында Гүлшара Әбдіхалықова, Халықаралық Түркі академиясының Стратегия-2050, «Нұрлы жол – Болашаққа бастар жол» Жолдауы мен «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясын жүзеге асыруда маңызды зияткерлік алаң болып табылатынын атап өтті.
-
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жай-күйі қалай -
Қандай білім беру ұйымдары мемлекеттік аттестаттаудан өтеді -
Қаржы саласы: Бюджетті жоспарлау, мемлекеттік сатып алуды жетілдіру және цифрландыру шаралары