• Басты
  • Әскери әуе күштерінің күрделі жөндеуден өткен үш жауынгерлік ұшағы Қазақстанға жеткізілді
29 Желтоқсан, 2014 16:48

Әскери әуе күштерінің күрделі жөндеуден өткен үш жауынгерлік ұшағы Қазақстанға жеткізілді

Қарағандыдағы Кеңес Одағының Батыры Нүркен Әбдіров атындағы авиациялық базаға Ресейдің (Ржев қаласы) 514 авиажөндеу зауытында күрделі жөндеуден өткен ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштерінің үш МиГ-31 жауынгерлік ұшағы келіп жетті, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.

Әскери әуе күштерінің күрделі жөндеуден өткен үш жауынгерлік ұшағы Қазақстанға жеткізілді | Strategy2050.kz

«Миг-31 ұшақтары Ржев қаласында күрделі жөндеуден өтті. Олар Әскери әуе күштері, тұтастай алғандай Қарулы Күштер үшін қажет. Ұшақтар Отанымыздың әуе кеңістігін қорғау мен күзету жөніндегі міндеттерді орындауға мүмкіндік береді. Аталған ұшақтардың экипаждары ТМД елдері әуе шабуылына қарсы біріккен қорғаныс жүйесінде жауынгерлік кезекшілік атқарады», - деп атап өтті Әуе қорғанысы күштерінің қолбасшысы авиация генерал-майоры Нұрлан Орманбетов.

Экипаждар ұшақтарды алып келуге алдын-ала дайындалды. Ұшу кезінде қосарлана ұшу мен өзара іс-қимыл мәселелері пысықталды. Нәтижесінде, олар 3000 шақырымдық қашықтықты ұшып өтті. Ұшулар күрделі метеорологиялық жағдайда (жел, жауын-шашын) өтті.

Осыған қарамастан, ұшып келу сәтті өтті. Алғашқы ұшақты Әуе қорғанысы күштері қолбасшысының жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары полковник Нұрлан Карбенов пен штурман подполковник Констанин Бауэр қондырды. Олардың соңын ала құрамы Әуе қорғанысы күштері қолбасшысы басқармасының аға ұшқышы полковник Олег Скичко мен подполковник Максим Мироновтан тұратын экипаж келіп қонды. Ұшақтарды қондыруды Кеңес Одағының Батыры Нүркен Әбдіров атындағы 50185 әскери бөлімінің командирі полковник Ермек Сапаров мен майор Владимир Гейзлер аяқтады.

Әуе қорғанысы күштерінің қолбасшылығы экипаждарды сәтті ұшып келулерімен құттықтады. Ұшып келудің алдында қазақстандық ұшу және инженерлік-техникалық құрам ұшақтарды мұқият қабылдап алды. Содан соң болуы мүмкін олқылықтардың алдын алу үшін әртүрлі режимде ұшулар жүзеге асырылды.

Барлық халықаралық, командалық-штабтық және жедел-тактикалық оқу-жаттығуларда бұл машиналар өздерін ең жоғары үлгіде көрсеткенін атап өткен жөн. МиГ-31 ұшағы – әуе нысандарын төмен, орташа және үлкен биіктікте, күндіз де, түнде де, қарапайым және күрделі метеорологиялық жағдайда ұстап, жойып жіберуге арналған. Сонымен қатар, қанатты зымырандарды биіктік пен жылдамдықтың барлық диапазонында ұстауға қабілетті.

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды