- Басты
- Жаңалықтар
- Мектептердегі хор сабақтарын қайта жандандыру керек – Мұсақожаева (ФОТО)
Мектептердегі хор сабақтарын қайта жандандыру керек – Мұсақожаева (ФОТО)
«Халықтың музыкалық мәдениетін көтеру үшін халықтың зияткерлік деңгейін дамыту үшін арнайы бағдарлама қабылданып, мектеп бағдарламасындағы ән-күй сабақтарын жандандыру керек. Бүгінгі таңда біз өмір сүру сапасын арттыруды көбірек айтамыз, дегенмен өнерді биікке көтермей, халықтың өмір сүру деңгейін арттыру қиын. Мектеп бағдарламаларындағы ғылым пәндерін басты назарда ұстай отырып біз мәдени құндылықтарды ескермей жатамыз», - деді ол.
Оның айтуынша, бүгінгі таңда мектеп бағдарламаларындағы бұрындары өткізілген ән-күй мен би және хор сабақтары қазірде кенже қалып, қазірде олар негізінен ақылы сабақтарға айналып кеткен.
«Халықтың мәдениетін көтеру үшін бүгінгі таңда мемлекет тарапынан ауқымды шаралар қолға алынуда. Шет елдердің үздік оқу орындарында шығармашылықтарын шыңдап, әлем мәдениетінен сусындап қайтқан жастар болашақта елдің мәдени өрлеуіне сеп болмақ. Осы орайда «Болашақ» бағдарламасында да биылдан бастап арнайы шығармашылық қызметкерлерге бөлек санат енгізіліп, Президент стипендиясының бір бөлігін шығармашылық жастарға беру көзделіп отыр. Бұдан бөлек елдегі оқу орындарының шет елдік әріптестерімен арадағы академиялық мобильділік бағдарламасы да өз жемісін беруде», - дейді ректор.
Сонымен қатар, ректор келер жылдан бастап мәдениет саласындағы білім ошақтарының Білім және ғылым министрлігінен Мәдениет және спорт министрліктеріне өтетінін айта келіп, бүгінге дейін елдегі мәдениет саласының Білім және ғылым министрлігі қарамағында да үлкен жетістіктерге жеткенін, ал алдағы уақытта құзіретті органның ауысуы үлкен жаңалықтарға бастау болатынынан үмітті екенін жасырмады.
Бауыржан Мұқанов
Фото Азамат Алиев
-
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Елордада «COVID-19» хореографиялық қойылымы ұсынылды -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Жаңа қаулы: Вакцинаны кімдер және қашанға дейін алу керек -
Отанға мінсіз қызмет ету – борышымыз -
Азаматтарға арналған үкімет: ЭЦҚ алуды жеңілдету, автокөлікті қайта тіркеу және цифрландыру -
М.Әбенов: Жер тек жұмыс істеймін деген азаматқа ғана жалға берілу керек -
Коронавируспен ауырғандар қанша уақыттан кейін вакцина алуы керек