- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанның ауылдарына жеті «жасыл» технология енгізілді - Немцан
Қазақстанның ауылдарына жеті «жасыл» технология енгізілді - Немцан
«Бүгінде біз халықаралық донорлық ұйымдардың арқасында жеті «жасыл» технология мен тәжірибені енгіздік. Олардың ішінде еліміздің үш аймағында жүзеге асырылған тамшылатып суару жобасы бар. Ақмола облысында - ол 262 учаскіні қамтыды. Сонымен қатар, біз 2-3 есе суды үнемдейміз және үш есе көп өнім аламыз деп сенімді айта аламыз», - деді Т.Немцан «Болашақ энергиясы» халықаралық конференциясы барысында.
Қор басшысы атап өткендей, Қызылорда облысында «Әр тамшысы маңызды» бағдарламасымен 300 учаскі қамтылған. Атап айтар болсақ, Арал, Қазалы, Қармақшы аудандарында. Сонымен қатар, пиролизді жылыту жүйесі бойынша жобалар жүзеге асырылуда. Ол тұрғындарға көмір мен электр энергияны үнемдеуге мүмкіндік береді.
«Пиролизді пештің 46 данасы Шығыс Қазақстан мен Ақмола облыстарында орнатылды. Ол адамдарға көмір мен электр энергияны қалай үнемдеуге болатынын және атмосфераға аз көлемде көмір қышқыл газын шығаруға болатынын көрсетіп отыр», - деп жалғастырды ол.
Қазақстандық ауылдарда енгізіліп отырған үшінші тәжірибе - жарықдиодтты жарықтандыру. «Бүгінде Қазақстанда энергия тиімділігі жоғары жарықтандыру жобасы жүзеге асырылуда. Бұл жобаны инвестиция және даму министрлігі мен БҰҰ даму бағдарламасы қаржыландырып келеді. Жалпы, алғашқы да қымбаттау болып көрінгенімен, жоба өзін-өзі 78% электр энергияны үнемдей отырып екі жылда ақтап алады екен. Яғни ол болашақ», - деп атап өтті ҚҚ президенті.
Төртінші тәжірибе Т.Немцанның айтуынша, ауыл мектептерінде орналастырылған күн суколлерторы. «Бүгінде шалғай елді мекенінде орталықтандырылған су жүйесін мүлдем жоқ. Демек егер ауа температурасы минус 30-ды көрсететін болса, онда білім ошағындағы күн коллекторының температурасы плюс 40 көрсетеді. Яғни, асханаға қызмет көрсету және қолды жуу электрэнергияның қатысуысыз жүзеге асырылады. Бұл өте тиімді әрі санитарлық талаптарда сақталады», - деп толықтырды ол.
Камила Амирова
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының 20 жылдағы жетістігі -
COVID-19: АҚШ-та бір аптада млн-нан астам адам коронавирус жұқтырды, Болгарияда шектеу шаралары енгізілді -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
Прездент тапсырмасы: Полиция департаменттеріндегі жедел-тергеу топтарына тергеуші әйелдер енгізілді -
Edtech форумы: Білім беруде инновациялық технологияларды қолдану мәселесі талқыға түсті -
Елорданың дамуы: Қолжетімді баспа мен мектеп құрылысы, тұрғын үй және газбен қамту мәселері -
EdTech: Қазақстандық білім беру технологиялары форумына тіркелу басталды -
Салық заңнамасын жетілдіру: Саладағы өзгерістер -
Қаржы саласы: Бюджетті жоспарлау, мемлекеттік сатып алуды жетілдіру және цифрландыру шаралары