Мүлік қоры 2 мың пәтерді пайдалануға берді

29 Желтоқсан, 2014 15:18
2013-2014 жылдары Мүлік қоры 118,87 мың шаршы метрлік 2 382 пәтерді пайдалануға берді, деп хабарлады Қор.

«Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасын жүзеге асыру барысында Мүлік қоры 15 жобаны әзірлеуде, олардың жалпы алаңы 659 мың шаршы метр. Аталмыш жобалар 8 облыста жүзеге асырылуда: Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстан Астана және Алматы.

2013-2014 жылдары Ақтөбе, Тараз және Алматы қаласының маңында 3 тұрғын үй нысаны пайдалануға берілді. Олардың жалпы алаңы 151,18 мың шаршы метрді құрайды, Қордың  тұрғын үй алаңы 118,87 мың шаршы метр.

Барлық жаңалықтар