- Басты
- Жаңалықтар
- 2013 жылы Испанияның Қазақстанға шыққан экспорты 209 млн евроны құрады – Мариано Рахой
2013 жылы Испанияның Қазақстанға шыққан экспорты 209 млн евроны құрады – Мариано Рахой
Испанияның Премьер-министрінің айтуынша, қазақстандық экономика жыл өткен сайын испандық кәсіпкерлердің қызығушылығын арттыруда. Испан экспорты соңғы 3 жылда қарқынды өскен.
«2011 жылы экспорт 2 есеге, ал 2012 жылы 68 пайызға өскен. 2013 жылдың жарты жылдығы бойынша 209 млн евроны құрады. 2012 жылдың жалпы көлемінен асып түсті», - деді М. Рахой.
М. Рахой атап өткендей, Қазақстан тұрақты дамуға ұмтылуда. Екі мемлекет арасында қоршаған орта факторы маңызды рөл ойнайтын болады.
«Мен ЭКСПО-2017 елді дамытатын жаңа технологияларға жол ашып, қарқынды дамуға өз ықпалын әкелетініне сенемін», - деді Испанияның үкімет басшысы. Сонымен қатар, елде жаңа жұмыс орындарының ашылатынына үміттенді.
Сонымен қатар, М. Рахой «Астана-жасыл өткел» ұсынысын Н. Назарбаев Рио-де-Жанейрода өткен БҰҰ біріккен конференцияда айтылғанын еске салды.
«Испания әлемдік нарықта өндіріс, технология салалары бойынша көш бастап тұрған елдердің бірі. Орта Азия елдері Қазақстанның төрағалығымен Испанияның қолдауына сене алады», - деді М.Рахой.
-
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
COVID-19: АҚШ-та бір аптада млн-нан астам адам коронавирус жұқтырды, Болгарияда шектеу шаралары енгізілді -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Пандемия Қазақстан экспортына қалай әсер етті -
Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметі мен Жас мамандар пулы жобасы -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Қазақстанда 7 млн-нан астам азамат вакцина алды