- Басты
- Жаңалықтар
- Алматыда Ұлы Отан соғысының ардагерлері ұлықталды
Алматыда Ұлы Отан соғысының ардагерлері ұлықталды
«Сіздердің ұрпақ өкілдері соғыс жылдарында да, соғыстан кейін де асқан ерліктің, жанқиярлық еңбектің үлгісін көрсетіп, күні бүгінге дейін өскелең жастарға өнеге болып келеді. Қазақстандықтар осынау ерлікті өте жақсы біледі, ардагерлерге құрмет пен қамқорлық көрсетеді. Ұлы Отан соғысы Жеңісін тойлау барысында Сіздер сапта болсыздар деген нық сенімдемін. Сіздерге мықты денсаулық, таусылмас қайрат, ұзақ өмір, жақындарыңыз бен туыстарыңызға баянды бақыт тілеймін!», - делінген Мемлекет басшысының жеделхатын оқып берді.
Мегаполис басшысы Жалпыұлттық акцияның аса маңыздылығын атап өтіп, посткеңестік кеңістікте тек Қазақстанның ғана 2015 жылдың қарсаңында осындай аса маңызды ресми шара ұйымдастырып отырғандығын, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында алдағы жылдың ТМД елдерінде Ардагер жылы деп жарияланғандығын айтты. Осы шара аясында 26 – 30 желтоқсанда республикада тұратын 5115 Ұлы Отан соғысының ардагерлерін облыс, қала аудан әкімдері өздері жеке барып құттықтап, Мемлекет басшысы атынан сыйлықтар тапсыратын болады. Алматыда Ұлы Отан соғысының 900 ардагері тұрады.
«Соғыстан кейін поскеңестік кеңістікте үлкен өзегірстер болды, кейбір одақтас республикаларда ардагерлердің ескерткіштері алынып тасталды,атаулы дата аталып өтпейтін болды. Қазақстанда мемлекет тарапынан ардагерлерге барлық жақсылықтар жасалуда. Біз Сіздермен Ұлы Жеңістің 70 жылдығын бірге қарсы алатын боламыз, бұл майдандас достарды еске алу шарасына айналмақ. Ежелгі дәстүр бойынша 9 мамырда 28 гвардияшыл-панфиловшылар саябағында бас қосып, мерекені атап өтетін боламыз. Сіздерге және жақындарыңызға денсаулық, бақыт тілеймін», - деп қорытындылады өзінің сөзін қала әкімі.
-
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
COVID-19: Сингапурде антиковидтік шаралар күшейтілді, ал Ұлыбританияда коронавирустық жағдайлар 15%-ға артқан -
«Astana Media Week»: Отандық БАҚ-тың дамуы, стратегиясы және фейк ақпаратпен күрес шаралары -
Отандық құрылыс материалдары қанша пайызға қымбаттады -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде -
Алматыда тәулігіне 1500- ден астам адам коронавирус жұқтыруда -
Жақыпбек Алтайұлы, философ, профессор: Абай аты мен мұрасы - қазақтың бренді -
Бекшин: Алматыда Covid-19-дың өршу шыңы 10-12 тамызда деп болжанып отыр -
Отанға мінсіз қызмет ету – борышымыз -
Отандық медиа саласы қалай дамып жатыp