Татарстанның Президенті бүгін Қорғаныс министрімен кездеседі

29 Желтоқсан, 2014 11:18
Қазақстанға жұмыс сапарымен келген Татарстанның Президенті Рустам Минниханов Қазақстан Республикасының қорғаныс ведомствосында болады, деп хабарлады Қорғаныс минстрлігі.

Татарстан басшысы мен ҚР Қорғаныс министрінің кездесуінде әскери және әскери-техникалық саладағы ынтымақтастықтың перспективалары талқыланады.Тараптар сондай-ақ ҚР мен ТР қорғаныс өнеркәсібі кешендерін дамыту саласындағы жобаларды іске асырудағы өзара іс-қимылдың тиімді жолдарын қарастыратын болады.

Барлық жаңалықтар