- Басты
- Жаңалықтар
- ТарМУ-дың қолдауымен Н.Назарбаевтың құрмет кафедрасы Ресейде ашылды
ТарМУ-дың қолдауымен Н.Назарбаевтың құрмет кафедрасы Ресейде ашылды
Кафедраның ашылуына ҚР Білім және Ғылым министрлігі және М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің ректоры, п.ғ.д., профессор М.Сарыбеков қолдау көрсетті.Жоба авторы «ҚР тұңғыш Президенті – Ұлт Көшбасшысының кітапханасы» мемлекеттік мекемесі ҚР Білім және ғылым министрлігінен АлтМУ-мен бірге құрмет кафедрасын ашуға серіктес жоғары оқу орнын таңдауға ұсыныс білдірген еді.
«Кафедраны ашудағы басты мақсат – ҚР Тұңғыш Президенті саясатын насихаттау, Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері, тілі мен тарихын жаңа форматта үйрететін мәдени-зерттеу орталығын ашу, Елбасы еңбектеріне негізделген пәндерді енгізу. Болашақта орталықтың қызметі оқу үрдісімен сабақтасып, студенттерге арналған элективті курс ретінде ендіру жоспарлануда», - делінген хабарламада.
Студенттердің әр түрлі мәселелерді көтеріп, талқыға салатын пікір-сайыс алаңы да назардан тыс қалмады. Ал «Назарбаевтың қазақстандық жолы» атты жарықдиодты панно Елбасының әр түрлі кезеңде түскен суреттері арқылы мемлекеттің даму тарихын айшықтайды. Алған әсерлері мен жүрекжарды лебіздерін жеткізу үшін келушілерге «Менің Қазақстанға тілектерім» LED-тақтасы да қарастырылған.
Инновациялық технологияларды пайдалана отырып ұйымдастырылған Елбасының құрмет кафедрасының ашылуы – әлемнің ең ірі ЖОО-да Н. Назарбаев орталықтарын ашу халықаралық жобасының бір бөлігі. 2014 жылдың сәуір айында Венгрияның Секешфехервар қаласындағы Янош Кодолани атындағы Қолданбалы ғылымдар университетінің қабырғасында дәл осындай құрмет кафедрасы ашылған болатын.Алдағы уақытта ТарМУ ұжымының алдында тұрған міндет – жаңадан ашылған кафедраға жан-жақты қолдау көрсетіп, өркендеуіне үлес қосу.
-
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар -
Елордада Дина Нұрпейісованың ескерткіші ашылды -
Халықаралық стандарттарға сай учаскелік полиция пункті ашылды -
Елордада жас суретші Анар Әбжанованың жеке көрмесі ашылды -
ЮНФПА-ның Қазақстандағы құрметті елшісі тағайындалды -
Қордай ауданында Инклюзивті білім беру ресурстық орталығы ашылды -
Маңғыстау облысында арматура өндіретін кәсіпорындар ашылды -
Елордада журналистерге арналған ағылшын тілінде сөйлеу клубы ашылды -
Қазақстандағы экология зaңнaмaсы: жаңашылдық пен жауапкершілік жүгіндегі өзгерістер -
Елордада белгілі кескіндемеші Кәміл Моллашевтің жеке көрмесі ашылды -
Елордада дзюдо орталығы ашылды -
Елордада «Туған өлкем» көрмесi ашылды