- Басты
- Жаңалықтар
- ҮИИД МБ қорытындысы бойынша машина жасау саласындағы 70 жобаға 1 млрд еуродан астам инвестиция құйылды
ҮИИД МБ қорытындысы бойынша машина жасау саласындағы 70 жобаға 1 млрд еуродан астам инвестиция құйылды
«Бірінші бесжылдық қорытындысы бойынша машина құрастыру саласы ең үздік көрсеткішке қол жеткізді. Саладағы 70 жобаға бірінші бесжылдықта 1 млрд еуродан астам инвестиция салынды. Бұл өз кезегінде жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жаңғыртып, жаңаларын салуға мүмкіндік берді», - деп мәлімдеді ҚР инвестиция және даму вице-министрі Альберт Рау ОКҚ брифингінде.
Сонымен қатар, Астанада өткен II Қазақстанның машина құрастырушылар форумында Қазақстандағы машина құрастыру саласының түрлі кәсіпорындарын дамыту аспектілері талқыланды. Бұл 100 мыңнан астам жоғары білікті инженер жұмысшылар еңбек ететін 300-ден астам кәсіпорын.
А.Рау ҮИИД МБ-2 бағдарламасының жоспарымен және оның негізгі индикаторларымен бөлісті.
«Екінші бесжылдыққа арналған бірқатар міндеттемелер бар. Біріншісі – бірінші бесжылдықта негізі қаланған үш жобаны аяқтау. Атап айтар болсақ, Өскеменде Автоваз, Рено, Ниссанмен бірлескен толық циклді зауыт. Екіншісі – салынған зауыттардың жоспарлы қуаттылыққа жеткізілуі. Соның ішінде бастысы машина құрастыру саласында. Экономиканың өсімі әрқашан жоғары салалармен сипат алады, олар ШОБ-қа жан-жақты әсер ету керек. Үшіншіден, экспорт көлемін арттыру. ҚТЖ жаңғырту аясында тапсырыс көлемін азайтқандықтар Локомотив құрастыру зауыты өндіріс көлемін азайтады. Экспорт бар, бірақ анау айтқандай көп емес. Сол себепті қазіргі таңда Үкімет өңдеуші саланың жекелеген бағыттарын дайындап жатыр. Дамыған елдерде экспорттаушыларды қаржылық қолдау қолға алынатын болса, бұл бізге де қажетті бастама», - дейді.
Индира Қауметова
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
А.Тұрмұхамбетова: Сапасыз жүргізілген сауалнамалар университеттердің беделіне нұқсан келтіреді -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды