- Басты
- Жаңалықтар
- Қызылорда облысында Мия зауыты ашылды
Қызылорда облысында Мия зауыты ашылды
«Жалпы құны 2 402,0 млн. теңгені құрайтын «БИС-Групп» ЖШС-нің «Қызыл мия өсіру және тамырын өңдеу» инвестициялық жобасы алдағы уақытта 156 адамды тұрақты жұмыспен және 500 адамды маусымдық жұмыспен қамтитын болады», - делінген хабарламада.
Жоба толық іске қосылған жағдайда жылына 6000 тонна мия тамыры өңделіп, мия өсімдігінің экстрактысы, мия өсімдігінің кремі, глициризин қышқылының ұнтағы, полисахарид, флавоноид секілді 5 түрлі компонент алынады. Зауытты салатанатты түрде іске қосқан аймақ басшысы кәсіпорын жұмысына сәттілік тіледі.
«Бұл зауыт республика көлеміндегі теңдесі жоқ өндіріс орны. Аймақ экономикасына айтарлықтай үлес қосып, әрі әртараптандыруға мүмкіндік береді», - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.
Шикізат өңірде жеткілікті. Қазірдің өзінде 27 шаруашылықпен келісім жасалған. Бұған қоса, «БИС-Групп» ЖШС 10 мың гектар жерге мия тамырын екті. Жалпы, облыста 80 мың гектар алқапта қызыл мия қоры бар. Қызыл мия мен оның тамырында гликозид, сахароза, эфир майы, органикалық қышқылдар, минерал тұздары бар.
Осы қасиеттеріне байланысты олар медицинада, тамақ өнеркәсібінде қолданылады. Қызыл мияның тамыры бірнеше ауруға ем, дертке дауа екендігі әлдеқашан дәлелденген. Сондықтан бұл кәсіпорынның болашағы зор.
-
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Атырау және Қызылорда облыстарында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Аида Балаева: Пандемияның салдары әлем келбетін өзгертті -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Пандемия басталғалы өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамту 37% -ға төмендеді -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Маңғыстау мен Қызылорда облыстарында құрғақшылыққа байланысты қолға алынған шаралар -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар -
Пандемия Қазақстан экспортына қалай әсер етті