- Басты
- Жаңалықтар
- БҰДСЖ аясында 2014 жылы денсаулық сақтау саласына 20 млрд теңге бөлінді
БҰДСЖ аясында 2014 жылы денсаулық сақтау саласына 20 млрд теңге бөлінді
Медициналық қызметкерлермен және науқастармен кездескен Салидат Қайырбекова Елбасы Н.Назарбаевтың тапсырмаларына сай еліміздің денсаулық сақтау жүйесі алдында тұрған міндеттер туралы әңгімелеп, өңірдің медициналық қауымдастығын толғандырып жүрген сұрақтарына жауап берді.
Қалалық балалар ауруханасы базасында Бірінші вице-министр медициналық-санитариялық алғашқы көмек мәселелеріне арналған кеңес өткізді.
С.Қайырбекова «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес ағымдағы жылы Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін (БҰДСЖ) амбулаториялық деңгейде енгізу басталғанын атап көрсетті. Яғни, бұған дейін «ақша науқаспен бірге жүреді» қағидасын іске асырудың арқасында науқастар жоспарлы емделу үшін ауруханаларды өздері таңдаса, енді бұл қағида емханалар деңгейінде жұмыс істей бастады. Емханаларды қаржыландыру қағидалары өзгеруде. Егер бұған дейін олар шығын сметасы бойынша қаржыландырылса, енді қаражат емханаға тіркелген әрбір науқасқа бөлінеді. Нәрестелер өлімін төмендету, онкологиялық ауруларды ерте кезеңде анықтау сияқты т.б. индикаторларға қол жеткізген жағдайда мекеме қосымша ынталандыру қаражатына ие болып, ол телімдік дәрігерлердің жалақысын арттыруға бағытталады. 2014 жылы бұл мақсатқа 20,3 млрд. теңге бөлінді. «БҰДСЖ енгізу өңірлерде денсаулық сақтау саласын қаржыландыруды түзетуге мүмкіндік берді»,-деді С.Қайырбекова.
Медициналық мамандардың жетіспеушілігі мәселесіне қатысты Салидат Қайырбекова Қазақстан дәрігерлермен қамтамасыз ету жағынан әлемде 10-шы орынды алатынын алға тартты. Дегенмен, дәрігерлер мен мейіргерлер арасындағы диспропорцияны түзету керек. «2-ші және 3-ші мейіргер лауазымдарын енгізудегі мақсатымыз дәрігерлерді қосымша жұмыстардан босатып, олардың науқастарға көбірек көңіл бөлуін қамтамасыз ету»,-деді.
Сондай-ақ, Бірінші вице-министр мамандар жетіспеушілігін шешуде жергілікті атқарушы органдар белсенді қатысуы керектігін, Министрлік өңірлерге жіберген мамандарға әлеуметтік жағдайлар жасалып, баспанамен қамтамасыз етілуі тиіс деді.
Қазақстанда жалпы тәжірибе дәрігерлерінің саны артып, 2013 жылы 39% жетті. Республиканың 2 өңірінде созылмалы ауруларды басқару бағдарламасы бойынша екі қанатқақты жоба іске асырылуда. Жоба нәтижелеріне қарай оны барлық өңірлерде енгізу жоспарланып отыр.
Айта кету керек, халықаралық сарапшылар БҰДСЖ іске асыру нәтижелеріне «өте табысты» деген баға берді.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Коронавирустан кейін денсаулықты қалай қалпына келтіру қажет -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы