• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҮИИД МБ бірінші бесжылдығының қорытындысы бойынша Қазақстанда 770 кәсіпорын ашылды

ҮИИД МБ бірінші бесжылдығының қорытындысы бойынша Қазақстанда 770 кәсіпорын ашылды

29 Желтоқсан, 2014 09:01
2010-2014 жылдарға арналған Үдемелі индустриялды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының бірінші бесжылдығы қорытындысы бойынша Қазақстанда 770 жаңа кәсіпорын ашылды.

«Бірінші бесжылдықта өңдеуші сектор Қазақстан экономикасына салынған шетелдік инвестицияның 70 пайызын иеленді. Жалпы саны 770 жаңа кәсіпорын салынып, 75 мың жұмыс орны пайда болды. Бұл өте маңызды. Қазіргі таңда индустрияда жұмыс істейтін қазақстандықтар саны 1 млн-нан асып жығылады», - деп мәлімдеді ҚР Президенті «Қазақстанның жаңа индустрияландырылуы: 2014 жыл мен бірінші бесжылдық қорытындысы» жалпыұлттық телекөпірінде.

Айта кету керек, индустрияландырудың бірінші бесжылдығы дағдарысқа қарсы әрекет етудің сәтті тәжірибесі болды. Онда қазақстандық экономика жаһандық дағдарыс кезінде өзінің тиімділігін әлемге таныта білді.

«Біздің қолға алған саясатымыздың арқасында 2007-2009 жылдар аралығындағы дағдарыстың ең қиын кезеңінде экономикалық өсімді минусқа түсірген жоқпыз. Тағы да осындай қиын күндер келе жатыр. Тағы да осы тәжірибеден айнымаймыз деп үміттенемін. Дағдарыстың күрделі уақытында біз жңа бағдарламаны жалғастыра береміз», - деді Елбасы. 

Барлық жаңалықтар