- Басты
- Жаңалықтар
- Павлодар облысында еліміздегі ең ірі мал бордақылау алаңы тұрғызылуда
Павлодар облысында еліміздегі ең ірі мал бордақылау алаңы тұрғызылуда
«Абай» ЖШС-нің бір уақытта 3000 бас мал ұстауға арналған мал бордақылау алаңы 2014 жылы тұрғызылды. Алайда, шаруашылық экономикалық есебін жасап, одан әрі дамуға бел байлады. Ол үшін қосымша қаржы қаражаттары қажет болды, сол себепті «Абай» ЖШС «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамының қолдауын пайдаланып қалмақшы болып шешім қабылдады. Қаржы ұйымында жобаны мақұлдады. Жобаның құны – 4,5 млрд. теңгеден артық, оның ішіндегі «ҚазАгроҚаржы» АҚ қаражаты 3 млрд. 626 млн. теңге. Қаражат жылдық 6%-бен 9,5 жылға ҚР Ұлттық Қорынан бөлінген. Бұл қаражат екі кезеңмен бөлінетін болады», - делінген хабарламада.
Бірінші кезең – 4000 бас малға арналған қосымша бордақылау қуаттарын тұрғызу. Сөйтіп, бірінші кезең іске асырылғаннан кейін, Павлодар облысындағы мал бордақылау алаңында 7000 бас мал ұсталатын болады. Екінші кезең – қуатын тағы да 3000 басқа ұлғайту, бұл шаруашылықтың жобалық қуатқа (10 000 бас) шығуына мүмкіндік беретін болады.
Бордақылау алаңы әзірше облыстағы ең ірі мамандандырылған сойыс цехымен жұмыс істейді. Әзірше жаңа бордақылау алаңдарының құрылысы жүріп жатыр – өз цехын тұрғызуға мүмкіндігі жоқ. Дегенмен бұл мақсатты да мұнда алдарына қойған.
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
Елордада карантин талаптары жеңілдетілді -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
Ірі салық төлеушілерді салықтық әкімшілендіру ерекшеліктері мен нәтижелері -
Өндірістік жарақаттанудың алдын алу шаралары -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді