- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Испания Корольдігі Үкіметінің төрағасы Мариано Рахоймен кездесу өткізді
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Испания Корольдігі Үкіметінің төрағасы Мариано Рахоймен кездесу өткізді
Кездесу барысында Қазақстан-Испания стратегиялық серіктестігін одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.
Экономика, инвестиция, көлік, өнеркәсіп, жаңартылатын энергетика, мәдениет салаларындағы және өзге де бағыттардағы ынтымақтастыққа кездесуде ерекше назар аударылды.
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан өз тәуелсіздігінің алғашқы күндерінен Испаниямен қарым-қатынасты нығайтып келе жатқанын атап өтті.
«Біз Испания Корольдігінің қолдауы мен ықыласын ұдайы сезініп келеміз. Қазақстанға сапармен келген Испанияның бұрынғы премьер-министрлерімен достық қарым-қатынаста болдық. Сіздердің елдеріңіз ЭКСПО-2017 бүкіләлемдік көрмесін өткізуге арналған конкурста біздің өтінімімізге қолдау көрсетті. Бұған қоса, Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы туралы шешімнің Мадридте қабылданғанының символдық мәні зор. Қазіргі уақытта елдеріміз арасында стратегиялық серіктестік туралы келісім бар. Қазақстанда Испанияның ірі компаниялары жұмыс істейді, 70-тен астам бірлескен кәсіпорын қызмет атқаруда. Біз Үкіметтің қызметі арқасында Испанияның экономикалық дамуы қалпына келе бастағанын және орнықты деңгейге шыққанын көріп отырмыз», – деді Мемлекет басшысы.
Өз кезегінде М.Рахой Қазақстанға келіп қайтуға шақырғаны үшін алғысын айтты.
«Испания мен Қазақстан бұрыннан өте жақсы қарым-қатынаста. Сәл кейінірек мен сізге Аса Мәртебелі Испания Королінің өз қолымен жазған хатын тапсыратын боламын. Сіздің Мадридке жасаған өткен жылғы сапарыңыз есімде. Біздің компанияларымыз мұнда шын мәнінде өте табысты жұмыс істеуде. Бірлескен қызметке атсалысу ниетіндегі Испания кәсіпорындары өкілдерінің қалың тобы менімен бірге келді. Егер Испания мен Еуропадағы экономикалық ахуал туралы айтсақ, мен Үкімет басына келген уақыттан бері алғаш рет бізде оң нәтижелер көріне бастады. Бұл тоқсанда экономикада сәл өсім болмақ. Жұмыссыздық жөніндегі мәліметтер алдыңғыға қарағанда биыл өте жақсы, дегенмен бұл келесі жылы ахуал тіпті жақсырақ болады деп қуануға себеп емес. Біз ауқымды реформалар жүргізуді жалғастыра береміз», – деді Испания Үкіметінің төрағасы.
Келіссөздер барысында Нұрсұлтан Назарбаев испан тарапына екінші дүниежүзілік соғыс кезеңінде Қарағанды еңбекпен түзеу лагерінде болған испандық азаматтарға қатысты Мемлекеттік мұрағаттан алынған материалдар көшірмесін тапсырды.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру