• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан - АСЕМ-ге қатысушы елдер арасында Еуропа мен Азияны байланыстыратын маңызды «көпір» - Е.Ыдырысов

Қазақстан - АСЕМ-ге қатысушы елдер арасында Еуропа мен Азияны байланыстыратын маңызды «көпір» - Е.Ыдырысов

26 Желтоқсан, 2014 14:11
Қазақстан АСЕМ-ге («Азия-Еуропа» форумына) қатысушы елдер арасында Еуропа мен Азияны байланыстыратын «көпір» іспетті қарастырылады, деп хабарлады Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов ОКҚ өткен брифингіде.

«Биыл Қазақстан Еуропа мен Азия форумына - «АСЕМ» форумына (Asia-Europe Meeting -агенттік) шақырылды және бұл бізде мақтаныш сезімін оятады. Мемлекет басшысы Милан қаласына барып, осындай маңызды саяси, экономикалық дилогтық форумның құрамына кірді. Қазақстан осы АСЕМ форумының қызметіне белсенді араласқысы келеді. Бұл ынтымақтастықтан Қазақстанға тиімді тұстар көп болмақ», - деді сөз басында министр.

Ведомсвто басшысы атап өткендей, АСЕМ құрылымы Қазақстанды аймақтық және әлемдік мәселелерде айтарлықтай маңызды рөл атқаратын ел ретінде таңдар отыр. Сондықтан, Қазақстан осы мүмкіндікті пайдаланып, Еуропа мен Азия арасындағы саяси көпір бола алады.

Естеріңізге сала кетейік, «Азия-Еуропа» форумы (АСЕМ) мен  ағымдағы жылы қазан айында Миланда өтті. Оған 13 мемлекеттің басшылары және үкімет жетекшілері қатысты. ҚР делегациясын Президент Н.А.Назарбаев бастап барды. Саммит шеңберінде Қазақстан Хорватиямен бірге ресми түрде форумның мүшесіне айналды.

 

Барлық жаңалықтар