- Басты
- Жаңалықтар
- 2016 жылы Астанада Каспий саммиті өтеді – ҚР СІМ (Фото)
2016 жылы Астанада Каспий саммиті өтеді – ҚР СІМ (Фото)
«Биыл Ресейде Астрахан қаласында маңызды саммит өтті, онда маңызды саяси шешімдер қабылданды. Құжаттарға қол қойылудың себебі Каспийдің құқықтық мәртебесін қалыптастыру. Бұл Астрахан саммитінің шешімі бойынша маңызды құжат, 2016 жылы Астанада Каспий саммиті өтеді», - деді ол.
Министрдің айтуынша, Каспий бойынша маңызды, күрделі келіссөздер өткізілуі тиіс. «Көптеген мәселелер қарастырылуы керек, сондықтан да бесжақты келіссөз үдерісі жалғасатын болады. Қазақстан бұл келіссөздердің белсенді қатысушысы. Біз Астанада барлық мәселелерді шешіп, Астаналық саммит бойынша келісімге қол қоямыз деп үміттенеміз. Бұл мақсатты міндет болып есептеледі, Елбасы нақты тапсырмалар берді, Қазақстан бұл шараларға белсенді түрде қатысып, астаналық саммитке қатысты саяси мағынадағы іс-шараларды жүзеге асырады»,- деді министр.
Каспий саммитінде Каспий маңындағы бес елдің – Ресей,Қазақстан, Әзірбайжан, Иран мен Түрікменстан Елбасылары бас қосады. Каспий бестігінің қатысушылары аймақтағы қауіпсіздіктің құқықтық мәртебесін талқылайды.
Айта кетейік, Каспий маңындағы елдердің алғашқы саммиті 2002 жылы Ашхабадта өткен болатын. Екіншісі бес жыл өткен соң Тегеранда өтті. 2010 жылы Бакуде өтті.
Индира Кауметова
Суретке түсірген Азамат Әлиев
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
«Ақын» фильмінің әлемдік тұсаукесері Токиода өтеді -
«Бастау Бизнеске» 5 жыл: Жоба түлектері тәжірибесімен бөлісті -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Президенттік жастар кадр резерві: Үміткерлерді іріктеу қалай өтеді -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев